Әдебиет

ЖҰМЕКЕНГЕ АРНАЛҒАН МҮШӘЙРА ПОЭЗИЯ МЕРЕКЕСІНЕ АЙНАЛДЫ

Қазақтың ұлы ақыны, Қазақстан Республикасы Әнұраны авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұрпағым, саған айтам...»  атты жабық жыр мүшәйрасы қорытындыланып, мәресіне жетті. Жеңімпаздар ақынның туған жерінде, Құрманғазы ауданында өткен «Ашақта туған ақберен ақын» атты мәдени шараға қатысып, сол жерде марапатталды. Облыстық деңгейде өткен ақынның шығармашылығына арналған әдеби шаралар Құрманғазы ауданының Жұмекен ауылынан бастау алды.

Читать далее »

АҚША БҰЛТҚА АЙНАЛҒАН АБЫЗ АҚЫН

Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 110 жыл толуы ерекше салтанатпен атап өтілді 

Қазақ әдебиеті алыптарының бірі, проза мен поэзия жанрында қалам тербеп, кейінгіге өшпес мұра қалдырған халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай Қазақстан Жазушылар Одағында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кеш өтті. Қиғаш өзенінің бойында туып, Каспийдің дүлей толқындарымен арпалысып есейген қаламгердің қазақ әдебиетіне қалдырған қазынасы өлшеусіз. Шынында, Әбу Сәрсенбаев – теңіз тақырыбында тұңғыш рет роман жазған қазақ жазушысы. «Толқында туғандар», «Теңіз әуендері» романымен ол әдебиетімізге жаңа леп әкелді.

Читать далее »

АБЫЗ АҚЫННЫҢ ҒАСЫРЛЫҚ МҰРАСЫ

Әбу Сәрсенбаев – әдебиет әлемінде «қазақ Айвазовскийі» деген атпен әйгілі болған жазушы. Оның «Толқында туғандар», «Теңіз әуендері» романдары өзі туып-өскен Атырау өлкесі, Каспий теңізінің төсінде тулаған толқынмен алысқан балықшылар өмірі айшықты көрініс тапқаны анық. Оның романдары атақты орыс суретшісі И.К.Айвазовскийдің дүние жүзіне аты шыққан «Тоғызыншы балл» картинасымен өзектес. Өзінің әдебиеттегі жолын ақындықтан бастаған кейіпкеріміз  «Екі кеме құйрығын ұста, жетсе бұйрығың» деген тәмсілді жиі есімізге салатыны да рас. Ол кезінде мемлекет басшысының қолынан Халық жазушысы атағын алған алғашқы жазушылардың бірі еді.

Читать далее »

ШОПАН АТА

Жылыойлық Сабыр Домбаев – сатиралық және патриоттық рухтағы жыр шумақтарын жазып жүрген байырғы авторлардың бірі. Таяуда жетпіс бес жастың желкенін керген оның екі төл туындысын жариялауды жөн көрдік.

Еңбек Ері, Жылыой ауданы мен Атырау

облысының Құрметті азаматы

 Кісенбай Асабаевқа арнаймын.

Автор. 

Читать далее »

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

«Бард» деген сөзді естіген уақытта біздің есімізге сонау 80 жылдардың тұсында ару Алматыны әнге бөлеген, ешкімге ұқсамайтын тегеурінді шығармаларымен оқшау тұратын Табыл ақын оралары сөзсіз. Сәл тереңірек білімі барлар Б.Окуджава мен В.Высоцкийді ауызға алады. «Шын мәнінде таныс әрі бейтаныс «бард» сөзінің мағынасы не, тарихы қандай, қазаққа жақындығы бар ма?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрейікші...

Читать далее »

ШАНДОЗ ЖЫР, ЖАНАРТАУДАЙ ЖАЛЫНДЫ ӨЛЕҢ…

Шындықты айттым, шамырқандым, шаттандым,

Кейде білмей үй сыртында жат барын.

Асау өзен арнасынан атқылап,

Құзар шыңнан құлауға да шақ қалдым.

Бұл жолдар ақын Жеңіс Ароновтың «Нұр сәуле» кітабының беташарындай болып тұр екен. «Ақынмын» деп кеудесін соққандардың бәрі бірдей шырқыраған шындықтың жағында бола бермейтіні рас. Таңдайына өлең құсы ұя салып, маңдайына жыр киесі қонған жанның арқалайтын жүгі ауыр, көшінің қонар жері биік. Сондықтан да, жаратқан талантпен қоса «мінезді» де сыйға тартады. Тағдыр теперішін тартып, тауқыметін арқалағанда жігері жаситын адам ақындық киесін алып жүре алмайтыны ақиқат.

Читать далее »

ҒАЛАМТОРДАҒЫ ХАТТЫҢ ХИКАЯСЫ

Айбар жұмыстан кеш оралды. Күні бойы қалжыраған денесіне душ қабылдаған. Аздап сергігендей болды. Ас үйге енді. Мұздатқышта салқын айран мен бір тілім шұжық қалыпты. Шәй қайнатып, ішуге зауқы соқпады. "Барымен базар" дегендей, жүрек жалғап алды. Төргі бөлмеге өтті. Теледидарда қызықты еш нәрсе жоқ екен. Жалғыздан-жалғыз отырып, көңілі құлазып кетті.

Читать далее »

СЕН ЖАЙЫҚТА МЕНІ КҮТІП ЖҮРСІҢ БЕ?!…

ШОЛПАН… Жаңғырды даусым Тынышсыз түн әлі, Жауын… Жаңбырлы маусым. Жаным да жылады. Өңімде, түсімде Өткен шақ ойыма оралып, Қалың… Тұманның ішінде. Кетесің жоғалып. Ұмытқан, Ұмытты десем де Мені ойлап жүргендей ол кейде. Ұмытқам, Ұмытам десем де. Санамнан өшпей жүр сол бейне. Сүйіктің жаныңда жүр білем, Қос айрық жол да енді. Иесін іздеген бір гүл ең, Кездеспей кетеміз болды енді. Сенімен ...

Читать далее »

«ТЕКТІ СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ – ТЕРМЕ»

Күні кеше ғана дүркіреп өткен аламан айтыстан кейін жергілікті жұртшылық тағы бір әдемі ән кешіне куә болды.  «Текті сөздің төресі – терме» деп аталатын облыстық термешілер байқауы тыңдарман қауымды керемет әсерге бөледі.

Читать далее »