Әдебиет

Нұрлығайын НҰҒМАНОВ: «КӨҢІЛДІҢ ШАҢ БАСҚАН БА ТЕРЕЗЕСІН?»

Нұрлығайын НҰҒМАНОВ – «Атыраудың» белсенді оқырмандарының бірі. Ол өткен жылы газетіміздің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған әдеби шығармалар байқауында жүлделі орын иеленді. Қоғамда болып жатқан түрлі мәселелерден шет қалмай, өзіндік үнін, пікірін «Атырауға» жолдап отыратыны да бар. Құрманғазы ауданында мектеп мұғалімі, оқу ісі меңгерушісі, ауыл әкімі, аудандық кәсіпкерлік комитетінің төрағасы қызметтерін абыроймен атқарған Нұрлығайын Нұғманұлы қазір зейнеткерлік демалыста. Көңілінің кейбір кездерін кестелі сөзбен өрген ақынның бір топ жаңа өлеңін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Читать далее »

ЖЫЛЫОЙДА ЖАЗЫЛМАҒАН ЖЫР КӨП

қаламгерлер халыққа жақынболғанда ғана қалам қуаты артады

«Әдебиет – ардың ісі» (З.Қабдолов). Ар ісінің аужайын ақынжанды жұртымыз бетпе-бет кездесулерде безбендеп жатса, шығарманың халықтық сипаты ашыла түспей ме?! Бұл мәселе өткен жылы өңірде облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің қабылдауында қолдау тауып, Қазақстан Жазушылар Одағының Атырау облысындағы филиалы «Әдебиетшілер апталығы» атауымен игі бір шараны бастады. Ол Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, сәл кейін гуманитарлық колледжде ақын-жазушылардың ұстаздар мен студенттер арасындағы кездесулерінен бастау алып, одан әрі облыс аудандарындағы оқырмандармен жылышырайлы жүздесулерге ұласып кетті.

Читать далее »

Еркеназ ҚАЛИЖАН: «КӨЗІМДЕ МӨЛДІР МОНШАҚТАР…»

Еркеназ ҚАЛИЖАН – Құрманғазы ауданындағы Әбу Сәрсенбаев атындағы орта мектептің 9 сыныбында оқиды. Оқу озаты. Аудандық, облыстық шығармашылық байқауларда топ жарып жүрген Еркеназ өткен жылы «Тіл – халық жаны» атты республикалық фестивальда бірінші орынды иеленді. Жыл соңында облыстық «Мәңгілік ел ұландары» сыйлығының «Жас қанат» аталымын жеңіп алды.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген. Біз бүгін жас дарын Еркеназдың балауса жырларын жариялап отырмыз.

Читать далее »

ЖЫРЫНДА ЖЕЛТОҚСАННЫҢ МІНЕЗІ БАР…

«Туған ай тураған ет секілді» дейді халқымыз. Тауып айтылған теңеуінің өзінде әлеуметтік мәселе мен дәстүрлі ұстаным қойындасып жататын жұртымыздың аузына осы сөз «қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай...» кезінде көбірек түсетіні бар. Қызылсыраған көңіл мен қызусыраған ниеттің итжығыс түсіп, «ищай» деп иін оздырып, ирек қамшылаған ию-қию шағында көңіл бораны мен табиғат дауылы төгіліп түскен терменің қос жолындай болып қол ұстасып, өкшесін көтеріп, өкпесін қолына алады. Желтоқсанда жел де жүйрік, көңіл де жүйрік. Өтер жылды жетелеп, тарихқа төтелеп тартып барады желтоқсан. Көңілге түрлі ой салып, «сыбағасын» артып барады желтоқсан. Құлағын қайшылаған құлагер-жылдың жалы көрінгендей...

Читать далее »

«ІЗ ТАСТАП АҚҚАН ЖҰЛДЫЗДАР»

Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің жаңа кітабы осылай аталды

Бірде әріптесім Өтепберген менің хал-жағдайымды білмек болып үйге телефон шалған сәтте үйреншікті дағдымен «не жаңалық бар?» дегеніме ол «жақында баспадан кітабым жарыққа шықты» деп жауап қатқан-ды. Осыдан бірер ай бұрын оның «Құрманғазы» атты кітабы қолыма тигені есіме түсіп:
- «Құрманғазы» ма, әлде басқа ма? – деп сұрадым.
- Басқа, «Із тастап аққан жұлдыздар» деп аталады.

Читать далее »

ҰРПАҒЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ АҚЫН

құрметіне жыр дүлдүлдерінің
облыстық сайысы Индерде өтті

Орақ тілді айтыскер ақын Мұрат Мөңкеұлының 170 жылдығына орай облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалының ұйымдастыруымен ауданда жыршылар сайысы өтті.
Кенттегі «Борат» мәдениет үйінде өткен сайыста алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары Мұхамбетқали Алдерзин баба есімін келешек ұрпақ санасында жаңғырту бағытында аудандағы жұмыстарды баяндап, облыстық сайысқа сәттілік тіледі.

Читать далее »

МАХАМБЕТ МҰРАСЫ ХАҚЫНДА

Қазақтың ұлы ақыны, әрі батыры Махамбет тұлғасы мен оның мұрасы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Бұл туралы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен Махамбеттің 210 жылдығына арналған «Махамбет оқулары» V республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды.

Читать далее »

«КҮЙ АНА – ӘСИМА»

Күні кеше ғана Аманқос ақынның тойында, осынау киелі өлкеде жаңа күйімнің тұсауын кестіріп, томағасын сыпырып едім, ардақты ағайын! Бұл туындымды Құрманғазының «Көкала ат» күйін бүгінгі ұрпақтарымызға жарқыратып жеткізген, Дина күйшінің таңғажайып жалғасы ретінде Атырау-Нарын өңіріне кеңінен танылған қасиетті анамыз Әсима Қалиқызы Ізмұхамбет келінінің рухына арнаймын.Шәміл Әбілтай,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Читать далее »