Әдебиет

Зейнолла Серікқалиев — «Алтын жамбылы» сыншы досым

Зейнолла аға ауылға келгенде. Қарындастары Рая, Пинамен бірге

Өз өмірімдегі найзағайлы шақты мен Зейнолла Серікқалиевпен байланыстырамын. Мен Зекеңнің есімін сонау студент кезімнен естіп, оқып қанығып келемін. Оның поэзия туралы алғашқы сын мақаласы «Лениншіл жас» газетінің бетінде өткен ғасырдың елуінші жылдарының орта кезінде жарық көріп, сүйсіне оқығаным бар. Үнемі өрлеу, шарықтау үстіндегі таланттың ұзаққа шабатын тұлпар екенін байқап, ірі сыншы, ғалымның бой көтеріп келе жатқанын сезінген едім.

Читать далее »

 «Отты өлеңді Отаралиев» тақырыбында поэзия кеші өтті (ФОТО)

ЕАС 234

Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясында Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау филиалының ұйымдастыруымен «Отты өлеңді Отаралиев» тақырыбында поэзия кеші өтті.

Читать далее »

Өз жерінде әулие бар

Өз жерінде әулие бар-2

Зекеңнің (Зейнолла Қабдоловтың) о дүниелік болғанына жыл толуына орай «Ана тілі» газетінде бір естелік мақала жариялағам-ды. Кейінірек Зекеңнің шәкірті Бауыржан Омарұлы бастаған топ академик-жазушы туралы «Бүтін бітім» кітабын әзірлеген кезде әлгі мақаламды шамалы толықтырып, «Нар сүтіне шыққан құмаршық» деген атын қалдыра отырып, қайыра ұсынып едім. Шамалы толықтыру көрген бір тұсы – Зекеңді Атыраудың құмды өңірінде болатын құмаршыққа ұқсататын жерім. «Алабота ...

Читать далее »

ДЕГДАРДАН ҚАЛҒАН ДҮНИЕ

Академик

/Академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың туғанына – 90 жыл/ Фәни жалғандағы кез келген нәрсенің «тәңірінің есебінен түгенделетін» әлдебір кемісі болады: жоқ десе, адамдардың өздері ол туралы аңыз ойлап шығарады. Тас ескерткіштерді алыңыз: Мысырдың жұмбақ пирамидалары, Үнді еліндегі ғажайып Тәжі-Махал, Түркістан төріндегі қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесі… — баршамызға мінсіз, мүлтіксіз көрінетін бұлардың қай-қайсысының да шебер қолынан қапияда (арнайы ма, абайсызда ма, оның ...

Читать далее »

Құбылыс

Құбылыс

Ойшыл адам еді. Жұрттың бәрі дерлік, әсіресе жастар жағы Фаризадан қорқатынын жазады, айтады. Рақымжан Отарбаевтың «Қорқып сыйлаушы ек. Сыйлап қорқушы ек. Жас кезде жөнсіз қылық көрсетсек, «Фариза апам ұрсады» деп зыр-зыр қашатынбыз» дегені бар. Осы жайдың сырын Әбділда ақын туралы мақаласында («Семсер жырдың қорғаны») Фаризаның өзі тамаша ашып еді:  «Өнер адамының қай-қайсысында да кереметтей табынатын, таңданатын, қорқатын («қорқу» деген, меніңше, ...

Читать далее »

Құбылыс

20150121112330far_1

(Жалғасы) Иә, ол жылдарда «өлеңде ғана емес, өмірде де Фариза культі пайда болған еді» деудің еш артық-кемі жоқ. Ақынның басына бақ тұрды, сөзіне халқы тақ тұрды. Жазған балаң жырына берер бағасын білуге, батасын алуға ұмтылған жастарды былай қойғанда, баласын оқуға түсірудің әуресімен жүрген ата-аналардың, жұмысқа тұрмақ болған, пәтер алмақ болған, жер алмақ болған жастардың, тіпті жақынын жазықсыз жазаланды деп санап, ...

Читать далее »

Өтеген Оралбайұлы: «Ақкиізтоғай – аспаны биік атажұртым»

uM5YubUVQiA

Белгілі ақын, танымал публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік қызметтің үздігі, Елбасы сыйлығының және   Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Журналистика Академиясының академигі, филология ғылымдарының кандидаты, Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, Жылыой ауданының  Құрметті азаматы, мәдениет және қоғам қайраткері  Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫМЕН  сұхбат туған жердің қасиеті мен құдіреті туралы сындарлы сөзден басталып, бүгінгі өмірдің болмыс-бітімі ашық әңгіме болып ортаға түсті.

Читать далее »

Құбылыс

IMG_4495

Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жақында Атырауда өткен көшпелі отырысына келгенінде белгілі қаламгер, ғалым, Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахмановпен аз-кем әңгіме-дүкен құрған жайымыз бар еді. Сонда атақты жерлесіміз Фариза Оңғарсыновамен рухани сыйластығы хақындағы ой-толғанысын да сұрағанбыз. Ағамыз: «Фәкең туралы естеліктер жинағына мақала жазғанмын. Ықшамдалған нұсқасын таяуда «Егемен Қазақстан» басатын болар» деген. Ол мақала газетте 24 қазан күні «Фариза феномені» деген тақырыппен ...

Читать далее »