Қоғам

ӨМІРДІҢ СӘНІ МЕН МӘНІ

46466Қазақтың көшпелі дәуірінің өзінде қыздарды, әйелдерді жоғары бағалаған. «Олар – өмірдің сәні мен салтанаты, ер адамдардың ақылшысы, балалардың тәрбиешісі» деп қараған. Әйел туралы сөз қозғау әрі оңай, әрі қиын. Әйел – ибалы қыз, инабатты келін, қарындас, апа, ана, әже. Әйел бүкіл адамзатқа өмір сыйлайды. Осыдан ата-бабаларымыз әйелді ерекше құрмет тұтқан. Содан болса керек, ұрпақ тәрбиесін әйел-анаға жүктеген.

Читать далее »

«ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТ…»

6655678Дүниеде аузын ашса жүрегі көрінетін сәбидің, дертінен құлан-таза айыққан науқастың, бойындағы бұла талантын танытуға мүмкіндік алған дарын иесінің, жалпы жұртшылықтың алғысын алғанға не жетсін?! Осы орайда «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) компаниясы Консорциумының мұнайлы аймақтағы білім, денсаулық және мәдениет, басқа да мекемелерге көрсеткен көмегінің арқасында облыста үлкен жұмыстар жүзеге асуда. Өткен жылды да кәсіпорын табысты аяқтап, түрлі саладағы 11 жобаға қолдау білдірді. Бұл жобалардың тұсаукесер рәсімі Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясында өтіп, БАҚ өкілдері консорциум қолұшын берген бірнеше нысанды аралады.

Читать далее »

ҚОШ КЕЛДІҢ, АРУ КӨКТЕМ, ТӨРЛЕТ!

77775757Ақырын жылжып қана көктем келді,
Сықылды жас жігіттің сәулетайы!..

Қасым АМАНЖОЛОВ.

Жыл басы етіп Наурызға сенім артқан табиғаттың пейілі неткен керім десеңізші! Бағзы заманнан ақын-жазушылар, шайыр-жыраулар күркіреп келген көктемді, жадыраған жазды, күрең, қоңыр күзді, ақи көз ақпанды суреттегенде жыр нөсерін аямады. Әріге құлаш ұрмай-ақ, ұлы Абайдың «Жазғытұры» деген 16 шумақтан тұратын өлеңін бажайлап оқып көріңізші!

Читать далее »

ЖЫЛАН ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?

Шығыс күнтізбесі бойынша биылғы жыл - Жылан жылы. Тарихқа көз жүгіртсек, Жылан жылы елеулі оқиғалармен есте қалды. Атап айтсақ, 1905 жылы бірінші орыс төңкерісі болса, он екі жылдан соң, яғни, 1917 жылы ақпан буржуазиялық және Ұлы Қазан төңкерістері көрініс тапты.

Читать далее »

«ТӘРБИЕ ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ»

1. Наурыз құтты болсын! Жас күніңіздегі осы мерекенің тойлануы, қазір көп елене бермейтін салт-дәстүрлер есіңізде бар ма? 2. Отбасында қыз баладан гөрі ер баланың тәрбиесі қиынырақ деп жатады. Сіз сайдың тасындай алты ұлды өсірдіңіз. Барлығы да тілге жатық, өнерге бейім, қазақы тәрбиеде ата дәстүрді бойларына сіңірген. Осының сыры неде? 3. Сіз талай келінге ене атанып отырған анасыз. Ене мен келін ...

Читать далее »

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕН ЫРЫС КЕТПЕЙДІ

Жүздеген ұлысты бауырына басқан қазақ — бейбітшіліктің бесігін тербеткен ел. Бір тілім нанды бөліп жеп, тірлік еткен басқа жұрттың баласы бұны жасырмайды. Қазір қазақ болмаса, қайтер едік дейтіндері көп. Ал, ырыстың алдын ынтымақ еткен текті ел тәуелсіз болғалы тіптен түледі. Төл мереке қарсаңында облыстық әкімдікте өткен «Ырыс алды - ынтымақ» тақырыбындағы қоғамдық форум осы айтқанымыздың дәлеліндей болды.

Читать далее »

ДОСТАР КӨҢІЛІ

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – барша қазақстандық азаматтардың ортақ мерекесі. Жыл сайын аталған мереке сан түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, достығы жарасып, қаймағы бұзылмаған кең көлемде аталып өтуде. Биылғы жылы Наурыз мейрамы қарсаңында ҚР Президенті аппараты игі бастаманы қолға алып, халықтар достығын одан әрі нығайту мақсатында облыстар арасында телекөпір ұйымдастырды.

Читать далее »

АУРУДЫҢ БӘРІ – ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАМАУДАН

Аймақта санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысын жетілдіру бағытында былтырғы жылы нендей жұмыстар атқарылды, 2013 жылдың міндеттері қандай? Осы тұрғыда облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның қатысуымен ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің жыл қорытындысына арналған алқа мәжілісі өтті.

Читать далее »

БІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті газет ұжымы!

Сіздерді облысымыздың рухани айнасы - «Атырау» газетінің жарыққа шыққанына 90 жыл толу мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Өткен ғасырда «Ерік» атты шағын газеттен бастау алған басылым осынау жылдар ішінде қызығы мен қиындығы мол үлкен белестерден өтті. Бір ғасырға жуық уақыт халықпен бірге жасасып, елдің тұрмыс-тіршілігі мен мемлекетіміздің дамуын қаз-қалпында көрсетіп келе жатқан «Атырау» газеті - облыстағы өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылым.

Читать далее »