Экономика

ТҮРКИЯМЕН БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

3332rrrr«Түркия Республикасында іссапармен жүрген облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов бастаған Атырау облысының делегациясы кеше Стамбул қаласының губернаторы Хусейн Авни Мутву мырзамен кездесті», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Кездесудің мақсаты – екі аймақ арасындағы іскерлік қарым-қатынасты тереңдету.

Читать далее »

КӨКТЕМГІ ЕГІС — ЫРЫЗДЫҚҚА НЕГІЗ

Ауыл тұрғындарына алдағы егін егу науқанына көмек ретінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі жалпы шамамен 74,3 млрд. теңге бағыттауға ниетті. Бұл туралы холдинг баспасөз қызметі мәлім етті. Республиканың шаруашылықтары мен агроқұрылымдарына арналған қаражат холдингтің еншілес компаниялары – «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ желісі бойынша бөлінетін болады.
Биылғы өзгеріс сол, енді 2013 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру үш қаражат көзінен жүзеге асырылады – 60 млрд. теңге сомасындағы тартылған бюджеттік несие, 600 млн. теңге көлеміндегі АШҚҚҚ меншікті қаражаты, сондай-ақ 13,7 млрд. теңге Азық-түлік корпорациясының мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға бөлінген қаражаты есебінен.

Читать далее »

АУЫЛҒА ӘРДАЙЫМ ҚОЛДАУ БАР

ОБЛЫС АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНДЕРІНЕ 870 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСА ИНВЕСТИЦИЯ ЖАСАЛДЫ

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2001 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен құрылған болатын. Негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы аграрлық саланы индустрияландыру және әртараптандыру. Компания «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметінің берген мәліметіне сәйкес, Атырау облысындағы агроөнеркәсіп кешендеріне «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы (2001-2013 жылдары) 870 млн. теңгеден аса инвестиция жасалды. Ал, 2012-2013 жылдар аралығында облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жалпы сомасы 167 млн. теңгеден аса несие берілді.

Читать далее »

«ТЕҢІЗ ҒАЛАМАТЫ» ТҰСАУЫН КЕСТІ

Жуырда Алматының «Жібек жолы» баспасынан «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен белгілі журналист-ақын, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Қаржау Оразбаевтың «Теңіз ғаламаты» атты деректі-публицистикалық кітабы жарық көрді.

Автор бес бөлімнен, онжеті тараудан тұратын еңбегінде Теңіздей алыптың қаз тұрған қадамынан бастап, әлемдік деңгейге көтерілген қазіргі кемел шағына дейін терең толғап, бедерлі бейнелейді. Соңғы бөлімді «Теңіздастан» жыр-толғауы тұтас қамтып тұр. Бұл – ТШО компаниясының жиырма жылдығы мерейтойы қарсаңындағы әдеби өмірде болған елеулі оқиға десе болады.

Читать далее »

ҒАСЫР КЕЛІСІМІ ЕЛІМІЗДІ ҒАЛАМДЫҚ ЖЕТІСТІККЕ БАСТАДЫ

77777777777777777777777777777777777777777777Кеше «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесінде тағылым мен тәлімге толы, мәні мен маңызы жоғары шара өтті. Ол белгілі қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Равиль Шырдабаевтың «Қазақстан мұнайы. Ғасырлық тарих» атты кітабының тұсаукесеріне арналды.
Кезінде тәуелсіз еліміздің алғашқы Мұнай және газ министрі болған автордың өзінің жаңа еңбегін бірлескен кәсіпорынның 20 жылдығы қарсаңында жарыққа шығаруы да тегін емес. Өйткені, ол ТШО компаниясының Қазақстан жағынан тұңғыш директоры қызметін атқарған. Майталман мұнайшының осы орасан еңбегін облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов те, бірлескен кәсіпорынның бас директоры Тим Миллер де, өзге пікір білдірушілер де атап айтты.

Читать далее »

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ІСКЕРЛІККЕ БАСТАЙДЫ

564gdfdvАтырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ бастаған арнайы делегация алыстағы Түркияда болды. «Бармасаң, көрмесең – жат боларсың» дегендей, бұл жолғы сапар мақсаты да түбі бір түркі елімен екіжақты тиімді қарым-қатынастар орнатып, экономикалық байланыстарымызды одан әрі нығайту еді. Сол мерейлі міндет өзінің үдесінен шығып, діттеген жерінен табылды.

Читать далее »

ЖІП ТЕ, ҚАП ТА ӨЗІМІЗДЕН ШЫҒАРЫЛА БАСТАДЫ

574hfАлдағы уақытта зауытта тағы 450 жұмыс орны ашылмақ

Елімізде жүзеге асырылып жатқан индустрияландыру картасы негізінде әртүрлі сала бойынша көптеген жобалар қолдау тауып, өнеркәсіп саласының қарқынды дамуына үлкен мүмкіндіктер ашуда. Аталған жобалардың, әсіресе, экономикасы қуатты Атырау қаласы үшін ерекше маңызы бар. Индустрияландыру картасы шеңберінде біздің облыста қолға алын-ған жобалардың бірі – «КасХим» ЖШС техникалық шпагат және полипропилен қап шығаратын зауыты, жоба құны – 2 млрд. 84 млн. теңге.

Читать далее »

ТАЛПЫНЫС ӨРГЕ ОЗДЫРАР…

Балғын балалық шақтағы арманын ақиқатқа айналдыру жолында ерінбей еңбектенген ғана мақсат-мұратына қол жеткізеді. Жастықтың жалынды жігерімен жұмысты жатсынбай, аз-мұз қаражатын кәдеге жаратқан кейіпкеріміз алғашқы жемісін көріп те үлгерді. Алып-сатумен ғана емес, бүгінгі заман талабына сай ІТ-технологияның құлағында ойнай білетін атыраулық жеке кәсіпкер Асланбек Мәжитов қоғамымызға әбден сіңісіп кеткен компьютерді сан бөлшекке шашып, кері жинаудан алдына жан салмайды. Қазірде бизнесмен кәсібін кеңейтіп, қанатын кеңге жаю үшін жалықпай, қызметін жандандырып жатқан жайы бар.

Читать далее »

POS-ТЕРМИНАЛ ОРНАТУ – ӨМІР ТАЛАБЫ

Биылғы жыл басынан бастап стандартты салық режимімен жұмыс істейтін барлық жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер POS-терминалдар орнатуы тиіс еді. Үкімет төлем карточкалары арқылы қабылданатын арнайы қондырғымен қызмет көрсету орындарын да нақтылап, бекіткен болатын. Ендеше, күні бүгінде POS-терминалдар сауда-саттық нүктелерінде, қонақ үйде, мейрамханада, жекеменшік күзет қызметтерінде, балабақшаларда, тұрмыстық техникаларды жөндеу орталықтарында, бухгалтерлік есеп және аудит жасалатын мекемелерде қолданылуы қажет. Ал, оған жергілікті кәсіпкерлер мен банктер қаншалықты әзір? «Бизнесмен» қосымшасы осыны сараптап көруге тырысты.

Читать далее »

ҚЫМБАТШЫЛЫҚТАН ҮНЕМ ҒАНА ҚҰТҚАРАДЫ

544643221

Жасыратыны жоқ, елімізде коммуналдық қызмет құнының қымбаттауы жұртшылық арасындағы пікірталасқа өзек болып отыр. Рас, Атыраудағы ахуал республиканың өзге өңірлерімен салыстырғанда көп ілгері. Бірақ, мұнайлы мекен тұрғындарының да тариф саясатына қатысты айтары бар. Бұл Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы Атырау облыстық комитеті ұйымдастырған «дөңгелек үстел» басындағы әңгімеде де кеңінен қозғалды. Сонымен...

Читать далее »