Экономика

ҰСЫНЫСТАРЫН ПАРЛАМЕНТКЕ ЖОЛДАМАҚ

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстандық өндіріс: Сапа. Бәсекеге қабілеттілік. Болашақ» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті. Жиынға ұстаздар мен студенттер және партия мүшелері қатысты.

Читать далее »

«КҮЗГІ БАЛ» КЕРЕМЕТТЕРІ

Жуырда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында «Күзгі бал» сайысы өтті. Оған қаладағы оқу орындарынан 14 өнерлі жұп қатысты.

Читать далее »

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІГЕ ҮМІТ АРТАДЫ

Қазақстан үшін экономиканың мұнай-газ секторы мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көздерінің бірі болып қала береді. Әрине, мұнай бағасының төмендеуі мемлекеттік бюджет және инвестициялық бағдарламалардың қысқартылуына себеп болды, соның ішінде тікелей жер қойнауын пайдаланушылармен іске асқан бағдарламалар да бар. Орын алған осынау жағдайға қарамастан мұнай-газ саласындағы ұлттық оператор «ҚазМұнайГаз» отандық тауар өндірушілеріне қолдау көрсету бойынша өзіне жүктелген міндеттерді атқарып келеді. Бұдан басқа, компания жаңа, инновациялық кәсіпорындар ашып, индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасына да белсене қатысып келеді.

Читать далее »

СЕРПІЛІС

Атырау облысында іске асырылып жатқан

индустриялық жобалардан анық аңғарылады

Қазақ даласының қазынаға толы бір қиыры – Атырау десе, баршаның ойына алдымен мұнай мен газ оралады. Өйткені, қазақ мұнайының алғашқы тамшысы дәл осы өңірдегі Қарашүңгіл аталатын кен орнынан табылды. Содан бері бір ғасырдан астам кезең өтсе де жеті қат жер астынан қайнарбұлақтай атқылаған мұнайдың мол қоры ел игілігіне жаратылып келеді. Жер асты байлығы соншалықты мол болғанымен, Атыраудың табиғаты ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге аса қолайлы емес. Осыған орай өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру тиімсіз деген көзқарас басымдау болатын.

Читать далее »

ӘЛЕМНІҢ АЛТЫ МИЛЛИАРДЫНШЫ ТҰРҒЫНЫ — РӘБИЯ ЕРМҰХАНОВА

Жер шарының алты миллиардыншы тұрғыны Рәбия Ермұханова қазір Алматы қаласында тұрады. Бір қарағанда, қызық, әрі ерекше көрінетін «кездейсоқ сәттілік» екінің бірінің маңдайына жазыла бермесі анық. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен ерекше демографиялық атауға ие Рәбия Манарбекқызына 16 жыл бұрын туу туралы куәлік берілсе, күні кеше Алматыда кәмелеттік жасқа толуына байланысты ресми төлқұжат табыс етілді.

Читать далее »

«ДОСТЫҚ АРУЫ – 2015»

Отаны бірдің тілі де бір

Осындай атаумен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Атырау қаласындағы Құрманғазы мәдениет сарайында әр ұлт өкілдері арасында облыстық конкурс өтті. Аймақтағы жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Атырау қаласындағы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шара қазақ тілін өзге ұлттар арасында насихаттауға, жастар арасында отансүйгіштікті насихаттауға бағытталды.

Читать далее »

«САЯННЫҢ» САПАЛЫ ҚЫЗМЕТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ҰСЫНЫЛДЫ

«Саян фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1996 жылғы 28 қарашада шаңырақ көтерді. Амандық болса, келесі күзде тура 20 жыл толмақшы. Құрылтайшысы – іргетасын республикаға белгілі кәсіпкер Төкен Жұмағұлов қалаған «Теңізмұнайқұрылыс» акционерлік қоғамы. Мақсаты – мұнай-газ саласына қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй бизнесі мен тұрмыстық қызмет көрсету.

Читать далее »

ЕЛ ТАРИХЫНЫҢ ЕНШІЛЕС БӨЛШЕГІ

Биыл, атап айтқанда қарашаның айының 8-інде еліміздің мемлекеттік статистика органдарының құрылғанына 95 жыл толмақ. Негізінен алғанда, Қазақстан статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихтың терең қойнауынан бастау алады.

Читать далее »