Экология

АЛҒАШҚЫ ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫС

Сол зұлматты көрген жанның естелігі

Кеңес үкіметі 1949 жылдан  сонау Семейден бастап, Батыс Қазақстандағы «Капустин Яр», Атырау облысындағы   Тайсойған - Азғыр,  Маңғыстау  аймағындағы - Ақтауда,  Ақтөбе аймағының - Байғанин, Ембі жерлерінде, «Ракеталық авиациялық сынақ полигоны», «Оңтүстік сейсмикалық экспедиция «Галит», «Халық шаруашылығы мүдделері үшін» және басқа да  атауларды жамылып, сол жердегі мекендеп жатқан адамдардың жағдайына қарамай, атомдық, сутегілік, термоядролық бомбаларды сынауды 40 жылдан аса жалғастырды. Ал, оның зардабы адам айтқысыз ауыр еді...

Читать далее »

ТАБИҒАТ СЫЙЛАҒАН ЭНЕРГИЯ

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының ортасында ауылдан Атырауға алғаш келгенімде жел күшімен айналып тұрған диірменді көріп, таң қалғаным бар. Сөйтсем, осындай табиғи тәсілмен Жайық жағасындағы жұрт бау-бақшаларын суарады екен. Сол кездегі электр энергиясының жетіспеушілігі әсер етті ме, әлде бұл әдіс ежелден қолданылып келе ме - әйтеуір, тұрғындар тұрмыстық қажетін осылай өтейтін.

Читать далее »

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК – ЖАНҒА САЯ

Жағрапиялық тұрғыдан шөлейт саналатын, суға тапшылау Атырау аймағында қала мен оның төңірегін жасыл желекке бөлеу – аса маңызды шара. Осы орайда жергілікті атқарушы билік тарапынан біраз іс тындырылды. Қазір қосымша 2300 га көгалдандыруы тиіс жерлер анықталып, жобасы жасалды. Сонымен қатар, биыл жасыл аймақ жасақтауға өңірдегі ірі табиғат пайдаланушыларды тарту туралы келіссөздер жүргізілді.

Читать далее »

КӨЛІКТЕРГЕ – «КӨГІЛДІР ОТЫН»

ол – әрі таза, әрі тиімді
Елбасы өткен жылы «Жасыл экономика» бағдарламасын жариялады. Сайып келгенде, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі де энергетикалық қуаттардың экономикалық тұрғыдан тиімділігіне, экологиялық жағынан тазалығына арналғалы отыр. Демек, ерте ме, кеш пе - әйтеуір мұнайдан жасалған жанар-жағармай біртіндеп қолданыстан шыға бастауы ықтимал. Бүгінде әлемнің бірқатар елінде тек табиғи газбен жүретін автокөліктер пайдаланылуда. Ал, бізде ше?

Читать далее »

ЖҰТАР АУАМЫЗ ЖҰПАР БОЛСЫН!..

Жуырда облыстық прокуратурада алқа мәжілісі өтті. Мұнда қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша соттар қараған азаматтық, әкімшілік істердің жайы ортаға түсті. Алқалы жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев қатынасты.

Читать далее »

ТАЛҚЫЛАУ ТАҚЫРЫБЫ – ТАЙСОЙҒАН ПОЛИГОНЫ

Қазақстан Тайсойған полигонының аумағын қысқартуға мүдделі. Ол жайында Ресеймен арадағы үкіметаралық комиссияға ұсыныс та жасалды. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.
Тоқтала кететін жайт, талқылау барысында сенатор Сәрсенбай Еңсегенов Тайсойған полигонына қатысты мәселе көтеріп, оны елдегі басқа полигондармен қатар қарастырмау керектігін алға тартты.

Читать далее »

ТЕҢІЗГЕ КЕЛЕР ҚАУІП ҚАЙДАН?

Қазақстан да Каспий теңізінен мұнай ала бастады. Бұл істі жағалаудағы басқа мемлекеттермен салыстырғанда біраз кештеу қолға алғанымызбен, айдынның солтүстік бөлі-гіндегі Қашаған дүние жүзі бойынша соңғы отыз жылдан аса уақытта ашылған ең ірі кеніш саналады. Оның үстіне, мұндағы көмірсутегі шикізатының құрамында көп көлемде күкірт болуы, қабат қысымының аса жоғарылығы өнім өндіруді күрделендіре түседі. Ең бастысы – айдынның қалыпты тіршілігі бұзылмауы, оны мекендеген жануарлар әлеміне кері әсер етпеуі керек.
Осы бағытта кешенді экологиялық шаралар іске асуы тиіс. Жақында редакциямызға келген Атырау мұнай және газ институтының профессоры, осы мәселелерді зерттеп жүрген Тілепқазы ЕРҒАЛИЕВПЕН сұхбатымыз теңіздің бүгінгі проблемалары төңірегінде өрбіді. Бізді қызықтырғаны – ғалымның бұған дейін беймәлім кейбір деректерді ортаға салғаны.

Читать далее »

АЗҒЫР АЗЫП БАРАДЫ…

«Зардабы талай адамды мүгедек еткен Азғыр полигоны – радиацияның нағыз ошағы. Басқасы тұрмақ, қарапайым таза құдықтан су ішуге зәру болып отырған ауылда «тіске басарлық» бірде-бір әлеуметтік нысан жоқ. Сондықтан, қайткен күнде де ауыл халқы көшірілуі керек». Азғыр, Капустин Яр, Байғанин сынды экологиялық төтенше аймақтардың ахуалын реттеу мақсатында құрылған жұмыс комиссиясының көшпелі отырысында осындай ұсыныс айтылды.

Читать далее »

АУАНЫ БҮЛДІРГЕНДЕРГЕ – АЙЫППҰЛ!

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Атырау облысы бойынша экология департаментінің негізгі жұмысы 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында құрылыс, темір жол және экономиканың басқа да салаларына мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталды.

Читать далее »

КАСПИЙ ТЕҢІЗІ

оның биологиялық ресурстарын қалай қорғаймыз?
Каспий – байлық... Каспий – тіршілік көзі... Каспий – геосаясат... Иә, кәрі теңіздің берері көп. Бірақ, мол қазынаны ысырап қылмауды көл-дарияны тел емген бес елдің перзенті әсте естен шығармағаны жөн. Каспий теңізі экологиясының қазіргі кезде күрт нашарлап кеткені жиі айтылып жүр. Ал, теңіздің Қазақстанға жататын солтүстік бөлігінде болашақта мұнай игерілсе, мәселе тіпті күрделене түсері сөзсіз. Көпшілік болса, бұған сын көзбен, сақтықпен қарайды. Каспийге қандай тәжірибе жасалса да, көк теңіздің табиғатын сол қалпында сақтап қалу – басты міндет.

Читать далее »