Спорт

АТЫРАУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР

Демалыс күндері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жанындағы «Жайық» спорт кешенінде әскери және спорттық самбодан екі күндік халықаралық турнир өтті. Жеті мемлекеттің мықты спортшыларының басын қосқан байрақты бәсеке Қазақ хандығының 550 жылдығына орай және облыстық полиграфия саласына еңбегі сіңген азамат Мырзабай Тоғаевты еске алуға арналды. Сайысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Ресей Федерациясы, Шешенстан, Дағыстан, Қалмақ, Якутия елдері спортшылары және отандастарымыз қатысты.

Читать далее »

«БЕЙБАРЫС» ЕСЕ ҚАЙТАРДЫ

Атыраулық «Бейбарыс» командасы ең мықты қарсыластарымыздың бірі – көкшетаулық «Арланмен» өз айдынында кездесті. Екі кездесуде де қос команда өзінің мықтылығын көрсетті. Алғашқы күні көкшетаулықтар 1:2 есебімен басым түссе, екінші күні жерлестеріміз есе қайтарды.

Читать далее »

ГЕРМАНИЯДАН ЖЕТКЕН ҚОЛА

Атыраулық отырып ойнау волейбол командасы Германияда өткен халықаралық «Лейпциг кубогі» паралимпийлік турниріне қатысып, қола жүлдені қанжығасына байлады.  Саксони жеріне жаһан жүзі мойындаған мықтылардың мықтысы жиналып, ең үздігін анықтады. Атап айтқанда, әлем және Азия біріншіліктерінің бірнеше мәрте жүлдегерлері Мысыр, Германия, Украина және Финляндия елдерінен құрама командалар бас қосты. Ойын иелерінің өздері германиялық 8 команданы сайысқа қосты. Осынау әлемдік спорт додасына Қазақстан ...

Читать далее »

ЖАТТЫҒУДА ШЫҢДАЛАДЫ ЖАС ҰЛАН…

Жас ұрпақтың денсаулығы мықты болып ерже - туінде спорттың алар орны ерекше. Сондықтан да, мемлекетіміз бұған зор мән беріп отыр. Осы орайда Атыраудағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі алпыс жылдан бері талай жастың талабын шыңдап, қияға қанат қақтырды. Есімі елімізге белгілі саңлақ спортшылар тәрбиелеп ұшырды.

Читать далее »