Руханият

Ұлттың келбеті – ұрпақтың есімінде

қоғам

Кеңестік  кезеңнің салқыны… Сонау жиырмасыншы ғасырдың Жылан жылғы қараша айында болған төңкерістің қазақ тіліне, дініне, тұрмысы мен салтына да жасалған төңкеріс болғаны шындық. «Байлар мен молданы, қойдай қу қамшымен» деген әнге басқан шолақ белсен-ділер өз балаларына сол кезең көсемдерінің есімін беруден  бастады. Мэлс, Маркс, Энгельс, Коммунар, Социал, Демократ, Октябрь деген есімдер – сол жылдардың жемісі. Одан кейін колхоздастыру кезеңі  бастал-ғанда ...

Читать далее »

Сарытаудағы қандастар

фото Рафхата Халелова (158)

Ақ Жайықтың екі бетін ендей жайлаған атыраулықтарды Еділ бойы, ондағы сарытаулықтармен тарихи көп жайлар байланыстырады. Боқсақты бүтіндей қоныстанған Орақ пен Мамай, Нәріктің ұлы Ер Шора болса, Мамай сол ерке Еділдің орта тұсында жау алмас жалпақ жон, қалың жұртқа қарағайдай қорған болып мәңгі қалды. Ата-бабаларымыз ат үстінде түн қатып, түс қашып, айлап жортқан атырабын әуелден Сарытау атаған ғой. Сарытауды бұл күнде ...

Читать далее »

Ұятсыздық оның төркіні дәстүрден қашықтауда жатыр

Көкейкесті

Дүниежүзіне әйгілі композитор, суретші Чюрленис: «Менің кешегі, бүгінгі, келешекте жазғанымның бәрі Литваға арналады» деген екен. Өз ұлтына деген сүйіспеншілікті жеткізудің озық үлгісі деп осыны айт! Тарих алдында аласармайтын тұлғалардың ғана аузынан шығатын сөз… Сөзді сөз жетелейді, ойды ой тудырады. Шындығында, мына біз қазақ үшін не жасадық, не тындырдық?! Ұлттық дәстүр мен салтты, көне ғұрыпты сақтап тұрған өнер десек, задында өнер ...

Читать далее »

Елге танымал тұлға

зерде

Ел тарихын белгілі тұлғалар арқылы зерделеу – қазақтың ертеден қалыптасқан дәстүрі. Қазақтың қария сөздерінде, яғни, шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы танылып отырады. Сондықтан да болу керек, қазақтың дәстүрлі философиялық пайымдауында өмірді өзгертуден бұрын, алдымен, адам сапасын дұрыстап шыңдауға көбірек мән береді. Қазақ халқының тарихы қым-қуыт оқиғаларға толы. Сол қым-қуыт оқиғалардың басында болмыс бітімі алуан түрлі тұлғалар болғаны ...

Читать далее »

«Мен бәйгелі жүйрікпін» (Мұрат Мөңкеұлы мұрасының кейбір мәселелері хақында)

Мухит Калимов

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, айтулы ақын Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығын зерттей бастағанымызға ширек ғасырдан астам уақыт өтіпті. Осы жылдар ішінде ақын мұрасы жөнінде кандидаттық диссертация қорғадық. Сонымен қатар, докторлық еңбегіміз Мұрат ақын белді өкілдерінің бірі саналатын зар заман ағымына арналды. Екі ғылыми жұмысымызға да алаштың абызы, ардақты академик Зейнолла Қабдоловтың өзі жетекшілік етті. Ол кісімен атыраулық аға-дос, білікті ғалым, жүйрік ...

Читать далее »

Тобанияз ел қадірлеген ер туралы не білеміз?

тобанияз

Ел жадында есімі мәңгілік сақталып қалатын тұлғалар болады. Солардың бірі –Тобанияз Әлниязұлы! Оның туғанына 140 жылдан астам уақыт өтсе де есімі елеп-ескерілмей қалып бара жатқаны көзіқарақты азаматтарды ойландырмай қоймайды. Ел Тәуелсіздігі жолында күрескен, өмірін құрбан еткен қайраткерлерді қазіргі жас ұрпақ санасына сіңіріп отыру күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі екені жұртқа мәлім. Олардың рухы алдында қазіргі бейбіт елдің әрбір азаматы басын ...

Читать далее »

«Ұлы адам туралы ұлағатты кітап»

«Ұлы адам туралы ұлағатты кітап»

Таяуда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жайлы «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» атты жаңа туындының тұсаукесері өтті. Тәуелсіз ел тарихында Елбасының ерен еңбегі ұшан-теңіз. Осы орайда қалың көпшілікке жол тартқан жаңа кітап жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленуде.

Читать далее »

Сапасыз кітап самсап тұр…

book

Еліміз нарыққа көшкелі бері өмірімізде көптеген   өзгерістер орын алды. Кеңес өкіметі кезінде тіптен танымал ақын-жазушылардың өзі кітаптарын шығарта алмай, жылдап баспаларда жататын. Ал, қазіргі таңда кітап шығару түк емес. Тек қалтаң қалың болсын. Керемет мұқабамен тысталған,  әр парағының өзі қымбат екенінен хабар беріп тұратын, көздің жауын алатын кітаптар көп-ақ. Бұл – таразының бір жағы ғана. Ал, таразының екінші жағына ...

Читать далее »

Қарттар үйі қара шаңырақ емес…

тағдыр

Қазақ қартына қашан да төрінен орын берген, аялаған, қамқорлаған. Алайда, тағдырдың жазуымен «жетім шал», «жетім кемпір» атанып, қарт-тар үйін паналап жүргендер де жоқ емес… Айнадай болып сыпырылған аула. Жайқала өскен алуан гүлдер де мұндағы көңілсіздеу тірліктің бояуын сәл азайтуға тырысқандай. Есік алдындағы тізілген орындықтарға жайғасқан ата-әжелер өзара қауқылдасып, амандық-саулық сұрасуда. Бұл – қарттар үйіндегі күндегі тірліктің бір көрінісі ғана. «Баласы  ...

Читать далее »

Жайықта жүзген жалғыз аққу

акку

Жайықта жабайы аққу жүзіп жүр… Жалғыз. Тосын көрініске жұрттың назары еріксіз ауған. Бірі қолындағы жемін ұсынып, екіншісі фотосуретке түсіріп әуре. Ал, киелі құстың ешкімде шаруасы жоқ. Дәмді жеп, өзен үстінде кербез тербеледі.

Читать далее »