Руханият

КІСІЛІКТІҢ КӨРКЕМ КЕЛБЕТІ

Атырау өңірі тарихының әлеуметтік-экономикалық бағытындағы оң өзгерістерінде баға жетпес үлесі бар, ел игілігіне еңбегі  сіңген, бедел биігінен көріне білген, кісіліктің көркем келбетіне қылау түсірмеген жандардың бірі Орынтай Кенжетайұлы Кенжетаев еді.

Читать далее »

СОҢҒЫ ҚАЗАҚ ҚАЛҒАНША ОҚЫЛАТЫН ЖАЗУШЫ

Мен Әбіш ағамен аралас-құралас болып, жанында көп жүрмедім. Алайда, Баянауылда өткен бір әдеби шарада кездесіп қалғаным бар. Баянауыл – таулы жер, табиғаты ерекше мекен. Мен де сол тау-таспен сырласып, ескен желмен мұңдасып келе жатсам, бір таудың қожыр-қожыр жақпарында өзі де таудай болып Әбіш ағам отыр.

Читать далее »

САҒЫНЫШ САЗЫ…

Биылғы күрең күздің ызғары неткен қатты еді. Денені қарып, жүректі сыздатып барады. Қарашаның сол бір күнінде «анаңнан айырылып қалдың...» деген елден  жеткен суыт хабар  жан-тәнімді  қоса  мұз құрсауға қамағандай болған. Содан бері әлі де көңілім байыз тауып, жүрегімдегі өксік басылар емес. Ең өкініштісі сол, ақырғы деміңді аларда жаныңнан табыла алмадым, жан апа!

Читать далее »

ДАРА САҢЛАҚ

Алаш жұрты қабағына қарап, қазақ қаламынан таныған жұртымыздың махаббатына бөленген Ұлы адам өтті. Әбіш Кекілбаев деген есімді жадымызға жаттатып, Қазақ елінің арғы-бергі тарихын санамызға қаттаған алып еді. Көркем шығармаларын бала кезімізден оқып өскен біз үшін тау тұлғалы Толағай болатын.

Читать далее »

АСЫЛ АҒАНЫ ЖОҒАЛТТЫҚ

Заманымыздың заңғар тұлғаларының бірі, Тәуелсіз мемлекетіміздің көрнекті қайраткері Әбіш ағамыздың  жұма таңында фәниден бақиға озғанын естіп, дүниенің жалғандығына тағы да бір көзіміз жеткендей.

Читать далее »

ТУМЫСЫНАН ТҰМАРЛЫ ТҰЙҒЫН…

Индер ауданының орталығы Индербор поселкесінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, әнші Сәуле Жанпейісованың «Ән-дауа» атты жеке концерті өтті. Бұл шара күміс көмей әншінің шығармашылығының 30 жылдығына арналып отыр. Концерттік бағдарлама «Қыран көңіл қанат қақты» деген бейне хабармен ашылды.

Читать далее »

АШАҚТА ТУҒАН АҚБЕРЕН

Құрманғазы аудандық Смағұл Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы Әнұраны авторларының бірі  Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 80 жыл толуына орай «Ашақта туған ақберен ақын» атты мәдени шара өтті.

Читать далее »