Мәдениет

ЖАНДЫ СҮЙСІНТКЕН «ЖАУЖҮРЕК»

Облысымызға гастрольдік сапармен келіп, халықты серпілтіп, рухани азық сыйлап жүрген Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының «Жаужүрек» қойылымын тамашалауға келушілер аз болмады. 

Читать далее »

ШЕБЕРЛІК ІСТЕ ШЫҢДАЛАДЫ

Жаңа маусым шымылдығын Атырауда ашып жатқан әкем- театр саңлақтары облыстық театр актерлерімен кездесті. Қазақстанның халық әртістері Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Әл-Тарази, Құман Тастанбеков пен еліміздің еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова және Бекжан Тұрыс, Төлеубек Аралбай сынды өнер саңлақтарымен кездесуді Махамбет атындағы облыстық драма театры директоры Асылбек Ихсан ашып, тағылымды шараның кәсіби тұрғыда пікір алмасу, әңгімелесу мақсатында өткізіліп отырғандығын жеткізді.

Читать далее »

СЫРЛЫ ДҮНИЕ

Драматург Қ.Ысқақтың аудармасымен сахналанған Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасы неміс әдебиетінен алынған аударма. Жалпы тақырып – ымырт-кешкілік уақыт, яғни адам өмірінің қартайған шағын салыстырмалы түрде кешкілік уақыт деп алып, махаббатын кеш жолықтырғаны жөнінде. Сонымен қатар, өткен ғасырдың басындағы адамдар тағдыры мен отбасылық өмірі жайындағы туынды. 

Читать далее »

ҰЛТТЫҚ КИНО КҮНДЕРІ – АТЫРАУДА

Бұған дейін де газетімізде хабарланғанындай, 19-22 қыркүйек аралығында Атырауда Қазақстан ұлттық киносының күндері өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің, дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының, Қазақстан кинематографистер Одағының және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының қолдауымен ұйымдастырылған осынау шара шеңберінде көрермен қауым көптің есінде қаларлықтай қызықты кездесулердің куәсі болды.

Читать далее »

«ЫМЫРТТАҒЫ МАХАББАТ»

Әкемтеатрдың Атыраудағы жаңа маусымының екінші күні Г.Гауптманның пьесасына қойылған режиссер Рубен Андриасянның «Ымырттағы махаббат» драмасымен жалғасты. Сырғи ашылған сахна пердесі көрермендерді сілтідей тындырды. Көркем декарация шынайылығымен, әсемдігімен бірден көзге түсті. Махаббат тартысы, әке мен бала арасындағы кереғар көзқарас. Негізінен дүниеқоңыздық пен көрсеқызарлықтан туған қаскөйлік. Оқиға желісі сонау 30-жылдардың басындағы қоғам өміріндегі өзгерістерді, ақыры Германияда үкімет басына фашизмнің келуіне себеп болған жағдайлардың алғашқы кезеңін суреттейді. 

Читать далее »

Хатимолла БЕРДІҒАЛИЕВ: «Бізге талғам мен танымға сай айтыс керек»

 Оны ел дүлдүл әнші, дәулескер домбырашы, ақпа-төк ақын, абзал азамат ретінде таниды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мұхит ән мектебінің көрнекті өкілі Хатимолла Бердіғалиев көршілес Орал қаласында тұрады. Аймақта өмір сүрсе де, атағы алысқа кеткен өнер иесімен сұхбаттасудың сәті түсті. «Атыраулықтарға өзімді жыршылық қырымнан таныстырмақ ниеттемін, - деп ағынан жарылды ақын аға. - Жақында Атырау қаласында «Айман-Шолпан» эпостық дастанының бір жарым сағаттық толық нұсқасын халыққа ұсынатын боламын». Біздің әңгімеміз де осы сауалдан басталды.

Читать далее »

ЕДІЛ МЕН ЖАЙЫҚТЫ ӘНІМЕН ЖАЛҒАҒАН

белгілі сазгер Ілия Жақановқа 
құрманғазылықтар үлкен құрмет көрсетті
Сұлу сазды әндер мен сиқырлы әуендер әлемінің падишаһы, танымал сазгер Ілия Жақанов ауданымызда болып, тұрғындармен кездесті. Халқымыздың біртуар ұлы, талай буын тамылжыта шырқаған, алға қарай да айтыла беретін әндерді дүниеге әкелген композиторды әдеттегіше таныстырып жатуды артық көрдік. Оның жеткен жетістігі мен шыққан биігі жайында ел біледі.

Читать далее »

БІЛЕ БІЛСЕҢ, БИ ДЕ СӨЙЛЕЙДІ

bilebelsenБи өнері - бекзат өнер. Әлемде биші дегеніңіз өте көп. Алайда, танымал биші соғұрлым аз. Өйткені, бұл өнерде жұлдыз болып жарқырау – жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығумен бірдей. Осынау қиын өнердің шыңына шыққан, күллі әлем тік тұрып қол соққан қазақтың ғажайып бишісі, жерлесіміз, Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Талпақова саналы ғұмырын биге арнаумен келеді. Бүгінде еңбек демалысында болса да биші би өнерінің қыр-сырын жастарға үйретуді мақсат етіп отыр. Игілікті ісіне сәттілік тілеп, сонымен қатар, бүгінгі қазақ би өнерінің беталысы жайлы тілдесіп, сұхбаттасқан едік.

 

Читать далее »

ҒАЖАЙЫП КҮШ ИЕСІ

dfgdfg4egdfатыраулық Темірлан Есдәулет арамызда жүр, ол туралы не білеміз?
Алапат күш пен сиқырлы нәзік өнер иесі, атыраулық Темірлан Есдәулет күні кеше «Хабар» телеарнасында ұйымдастырылған «Аймақтар аламанында» алаш жұртын таңғалдырды. Айтулы өнердің адам сенгісіз сыры мен сиқырын меңгерген Темірланды көпшілік төбе шашыңды тік тұрғызар трюктерінен таныды. Оның өнерін біреулер иллюзионист десе, келесілері көз байлаушы дейді. Бір сөзбен айтқанда, ол - ерекше күш пен өнердің иесі. Темірлан Есдәулетпен біз де тілдескен едік.

Читать далее »

ҚҰРМАНҒАЗЫНЫҢ КҮЙ-ҚҰДІРЕТІ

kyrmangazuҚазір 75 жасқа келсем де, жас кезімде өнерге біраз әуестенген едім. Сондықтан, өнерді қатты қадірлеймін. 
Атырау педагогикалық институтында оқып жүріп, 1957 жылы Алматыда өткен республикалық фестивальға қатысып, сол жылдары Сейілхан Құсайынов ұйымдастырған оркестрде прима аспабында ойнаған едім. Атырауда да 500 адамнан құралған оркестрдің құрамында өнер көрсеткен болатынмын.

Читать далее »