Мәдениет

БОЗДАҚТАР ЕСІМДЕРІ – ЕСКЕРТКІШ ТАҚТАДА

Екінші дүниежүзілік соғысқа Плотовин ауылдық округінен (қазір Еркінқала ауылдық округі болып аталады) 200-ге жуық азамат Отан қорғауға аттанған-ды. Алайда, олардың көбі майдан даласында қалып, туған жердің топырағын басу бұйырмады. Осы боздақтарды мәңгілік есте қалдыру мақсатында Еркінқала ауылдық округінде Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай мемориалдық ескерткіш тақта ашылды. «Мәңгілік алау» оты жағылды.

Читать далее »

ОТТЫ ЖЫЛДАРДЫҢ ӨШПЕС БЕЛГІСІ

Мереке қарсаңында Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылдық округінің орталығы Амангелді селосындағы Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтарға арналған ескерткіш тақта жаңартылып, оның қайта ашылу салтанаты болды.

Читать далее »

«ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС»

Атырауда  республикалық  ақындар  айтысы  өтті 

Махамбет атындағы облыстық драма театрында «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» деген тақырыпта республикалық ақындар айтысы өтті.

Читать далее »

«ЖҰЛДЫЗ ЖАУҒАН ЖАРЫҚ ТҮН»

ақын Бауыржан Халиолланың жыр кеші осылай аталды

1  мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні Махамбет атындағы қазақ драма театрында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының, Айтыс ақындары және жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі, айтыскер ақын Бауыржан Халиолланың «Жұлдыз жауған жарық түн» атты жыр жинағының тұсаукесері мен шығармашылық кеші өтті.

Читать далее »

ҚҰРМЕТТІ АТЫРАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!

Сіздерді 1 мамыр күні өтетін Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағының мүшесі, айтыскер ақын Бауыржан Халиолланың «Жұлдыз жауған жарық түн» атты жыр жинағының тұсаукесері мен шығармашылық кешіне шақырамыз.

Читать далее »

АЙТЫС! АЙТЫС! АЙТЫС!

«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!»

Республикалық ақындар айтысы

Құрметті көрермендер!

Екінші дүниежүзілік соғыстың халқымызға әкелген зардаптары әлі күнге есімізде. Сол кезеңде осынау байтақ даламызды қорғап қалған қаһармандарымызды біз мәңгі-бақи ұлығылауға тиіспіз. Ер етігімен қан кешкен тарихтың тарпаң тұсында елде еңбек етіп, Ұлы Жеңістің жақындай түсуіне ерекше үлес қосып, маңдай терін төккен атақты аталарымыз бен аналарымыз хақында қанша айтсақ та аздық етпейді. «Нұр Отан» ХДП және Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен осы жылдың 2-3 мамыр күндері Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында өтетін Республикалық айтыс «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» деп аталады. Ақындарымыз Ұлы Жеңістің 70 жылдығына өз айтыстарын арнайды.

Читать далее »

ӘН ҚАЛЫҚТАП, ЖЫР ТӨГІЛДІ

Атырау қаласының мәдениет күндері есте қаларлықтай ерекше өтті

Көз  жауын  алған жауһарлар

«Ынтымақ пен бірлік - Мәңгілік ел тұғыры» атты өнер фестивалін өткен жұма күні Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында Атырау қаласының өнерпаздары жалғастырды. Үлкен тарихи даталарға орайластырылып өткізілген осынау шараға Атырау облысы әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты.

Читать далее »

АҚ ЖАЙЫҚТЫҢ ЖАҒАСЫН ӘН ТЕРБЕГЕН…

Ертең Атырау  қаласының  мәдениет  күндері  өтеді

Бір кездегі Үйшік атанған кішкене қалашық бүгінде сәулеті мен дәулеті тасыған Атыраудай айбынды қалаға айналды.  Атырау – өзінің бай тарихымен, экономикалық және әлеуметтік даму қарқынымен заман ағымына сай жетіліп, дамып келе жатқан сәулетті шаһар. «Ынтымақ пен бірлік – Мәңгілік Ел тұғыры» атты қала мен аудандардың мәдени күндері фестивалін өткізу кезегі міне, атыраулықтарға да жетті. Ертең қала өнерпаздары қалың көпшілікке өз өнерлерін паш етпек.

Читать далее »

АТАДАН ДАРЫҒАН ҚАСИЕТ

Жақсы адамның бойында жаныңа азық етер асыл қасиеттер болады. Ондай адамның жанында жүргенде өзіңді рухани ләззат алғандай сезінесің. Әңгімесін тыңдай отырып мөлдір бұлақтың кәусар суынан шөл қандыра сусындағандай күй кешесің. Ғаділ Зайденұлы – сондай азамат. Сырт қарағанда ол қарапайым жандай көрінеді. Ал, ішкі әлеміне үңілсеңіз, тұнып тұрған қазына. Биік адамгершілік қасиеттердің қазынасы. Бұл Ғадекеңнің әке қаны, ана сүтімен дарыған табиғи болмысы.

Читать далее »

«ЖҰЛДЫЗАЙДЫҢ» – ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ

 Мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығына арналған «Жұлдызай» Х Республикалық фестивалі аясындағы «Мен ең өнерлімін» атты облыстық байқауы Атырау қаласында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өтті.

Читать далее »