Аудандар

ӨРКЕНИЕТ КӨШІМЕН ӨРКЕНДЕГЕН ӨҢІР

- Мақсот Сайполұлы, алдымен жоталы жетпісіне көтерілген ауданның мерейтойы құтты болғай дейміз.

- Рахмет, осы сәтті пайдаланып, менің де әуелі барша ауылдастарымды ауданның жеті ондықты толтырған торқалы тойымен құттықтағым келеді. Баршасының өміріне жақсылық, қадамына сәттілік, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық тілеймін!

Читать далее »

ШОРА ӨЗЕНІНЕ СӘН БЕРГЕН

жаңа алаң пайдалануға берілді

Құрманғазы ауданының архитектуралық кескін-келбеті тағы бір кешенмен толықты. Сылдыр қаққан Шора өзенінің жағасында жаңа алаң пайдалануға берілді. Бұл нысан табиғаты әсем жерде орналасқан. Арқа жағында саябақ пен мәдениет үйі, құбыласында Шора өзені, шығысында қонақ үй мен “Көңіл сазы”бары тұр. Таза ауа, салқын самал еседі. Демалуға, мерекелік шараларды атқаруға қолайлы орын.

Читать далее »

МҮМКІНДІК МОЛ, БІРАҚ БЕЛСЕНДІЛІК ТӨМЕН

Өткен аптада облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев облыстық салалық басқарма басшыларынан құрылған топпен бірге Құрманғазы ауданын аралап, түрлі бағдарламалардың жергілікті жерде атқарылу барысымен танысты. 

Сүйіндік селосында тұрғындармен жүздесті. Келесі күні аудан әкімдігінде үлкен жиналыс өткізді. Жиналыста әдеттегідей ұзын хабарламалар тыңдалған жоқ, облыстық басқарма басшылары өз саласы бойынша аудандағы кемшін тұстар мен шешімін күткен мәселелерді талқыға салды.

Читать далее »

МОНОҚАЛА МҰҢАЙМАЙДЫ өйткені, оның дамуына мемлекеттік деңгейде көңіл бөлініп отыр

46735223Өткен жыл Құлсарының бағына өміршең жаңалығын ала келген жыл болды. Үкімет отырысында Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, Елбасының тікелей тапсырмасымен бұл бағытта белгіленген іргелі іс-шаралар иінін тапты. 27 шағын қаланың қатарында Құлсарының да кешенді даму жоспары Экономикалық даму және Сауда министрлігінің жұмысшы комиссиясында қаралып, 2012 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 210,3 млн. теңге шағын шаһардың ең өзекті буынына қан жүгіртті десе болады. Енді қаланың кешенді даму жобасына көп қаражат бөлінеді деп күтілуде. Жуырда Құлсары қаласының әкімі Шәкір Кейкин жұртшылық алдында 2012 жылғы есебін жария етіп, онда және шығып сөйлеген тұрғындар туған топырақтағы келелі мәселелерді қозғады.

Читать далее »

МҰНАЙЛЫ МАҚАТТАҒЫ МЕРЕЙЛІ СӘТ

ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУЫ
Бірнеше байырғы елді мекені қоныс аударып, халқының саны біраз азайып қалса да, Мақат ауданының күллі облыс өмірінде әлі өзіндік орны бар. Аймақ басшысы Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ кеше мұнда арнайы іссапармен болуы да - соның айғағы.

Читать далее »

ГЕОЛОГ – ҚАЛАНЫҢ ІРГЕЛІ БӨЛІГІ

Мұнда инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аудару қажет.
Аймағымызда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар атқарылды. Барлық селолық округтерде картоп және көкөніс өнімдерін нарықтық бағадан төмен сататын арнайы дүкендер белгіленіп, азық-түлік сақтайтын қойма салу жұмысы қолға алынуда. Геолог селолық округі әкімінің есеп беру жиынында қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВ жергілікті биліктің азық-түлік бағасын үнемі бақылауда ұстау керекігін айтты.

Читать далее »

НАРЫНДАҒЫ ЕЛ НЕ ДЕЙДІ?

Селолық округтер мен поселкелер әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беру жиындары Исатай ауданында да болып өтті. Басқосуда өткен жылдың қорытындылары айтылып, келер күн еншісіндегі істер жария болды.

ЖАНБАЙЛЫҚТАР ЭКОЛОГИЯҒА АЛАҢДАУЛЫ

Жанбай селосының әкімі Ә.Хайдаровтың айтуынша, өткен жылы селолық округ бойынша көптеген игілікті істер жүзеге асырылған. Әлеуметтік жағдайы төмен жандар мен жалғызілікті қарияларға демеушілік көмектер ұйымдастырылып, оларды азық-түлікпен қамту, газет-журналдарға жаздыру секілді жұмыстар атқарылуда. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы бірнеше адам ақылы жұмысқа тартылып, кәсіби оқуға жіберілген.

Читать далее »

«БЕЙБАРЫСТА» БЕРЕКЕЛІ ІС БАР

130131-09-300x199Селода сәулетті жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Кеше Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылының тұрғындары үшін көптен күткен жаңа мектеп үйі пайдалануға берілді. «РиМстрой» ЖШС-нің мердігерлігімен заманауи үлгіде салынған екі қабатты зәулім ғимараттың ұрпақ тәрбиесі жолында енді ұзақ жылдар қызмет етері сөзсіз. Осы айтулы шараға облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов арнайы қатысып, игі тілегін білдірді.

Читать далее »

ӨЗЕН ЖАҒАЛАҒАННЫҢ ӨЗЕГІ ТАЛМАЙДЫ

Десек те, «Қызыл балықта» көкейкесті мәселе көп.

Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектепте өткен Атырау селолық округі әкімінің міндетін атқарушы Мұтих Ізбасаровтың есеп беру жиналысында қатысушылардың ой-пікірлерін еркін білдіруіне барынша мүмкіндік жасалды.

Мұтих Тарихұлының айтуынша, соңғы жылдар бедерінде қолдағы ірі және ұсақ қара санының өскені байқалады. Бірақ, мұның барлығы – жеке қолдағы мал болып табылады. Өндірістік кооперативтер мен құрылған серіктестіктердің ешқайсысы, неге екенін, мал шаруашылығымен айналыспайды. Мал басының өсуін жақсы көрсеткіш десек, қаңғыбас иттердің көбейіп кетуі алаңдатарлық мәселеге айналыпты. Былтырдан бері «Арнаулы автобаза» мекемесі осындай жүзден астам бұралқы иттің көзін жойыпты.

Читать далее »