Атырауда Ливан азаматы қара уылдырықты заңсыз сақтаған

Атырауда қара уылдырықты заңсыз сақтаған Ливан Республикасының азаматына қатысты сот үкімі шықты. Ол досы арқылы уылдырықты шекара асырмақшы болған.

Кара уылдырык

«Шетел азаматы 2017 жылдың қараша айында «Мерей» базарынан жалпы салмағы 2 келі болатын бекіре балығының уылдырығын 120 мың теңгеге сатып алған. Кейін желтоқсан айында Стамбул қаласына ұшып бара жатқан досына уылдырықты 4 пластикалық ыдысқа салып беріп жіберген. Алайда, әуежай полициясы қызметкерлерінің тексерісі кезінде сөмкеден қара уылдырық тәркіленді»,-деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 339-бабымен Ливан Республикасының азаматы кінәлі деп танылып, 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 1 134 500 тенге айыппұл жазасы тағайындалды.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*