«Әйелінен жасырып, тоқалымен некесін қиюға келетіндер бар»

Алматының АХАТ бөлімінде ең қысқа неке тіркелген,-деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Неке туралы

Түрксіб ауданының АХАТ жетекшісі Жанна Дүйсенбаеваның сөзінше, отбасы бір күннен кейін ажырасып кеткен.

«Үлкен той болды. Мыңға жуық қонақ келді. Алматылықтар, дәулетті отбасылар. Таңғысын ажырасуға арыз беріп келіпті, өзара бір сыйлықтарды бөлісе алмай қалған екен. Осындай жағдай болған»,-дейді АХАТ қызметкері.

Сонымен қатар, ол үйленген ер адамдар жас қыздармен некесін қиюға келетіндігін де айтты.

«Әйелдерінен жасырып, тоқалдарымен некесін қиюға келетіндер бар. Оның үстіне діни ұстанымдары бар адамдар. Әрине алдымен мәліметті база арқылы тексереміз, сосын олардың өтінішін кері қайтарып отырдық. Әйелдері барын жасырып, өзгелермен некесін қиюға тырысқандар да болды. Оларды тоқтатып отырдық, бұл үшін жауапкершілік барын ескертеміз. Содан кейін ғана сабырға келетін»,-деп атап өтті Жанна Дүйсенбаева.

Айқара Ғұмар

Фото stan.kz сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*