Балаларына жасаған қатыгездігі үшін қамауға алынды

Атыраулық азамат балаларына қатыгездік танытқаны үшін жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Балаларын урган

Олардың айтуынша, құқық бұзушы 2018 жылдың қаңтар айында Атыраудағы СМП мөлтекауданындағы үйіне масаң күйінде келген. Кейін ешбір себепсіз балаларын балағаттап, оларды тоқ ұзартқышпен соққан. Мұндай әрекеті арқылы балаларына жеңіл дене жарақатын салыпты.

Сот қаулысымен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*