Жергілікті әкімдіктер жер учаскелеріне бөлінген қаржыны неге алмай отыр?

Жергілікті әкімдіктер жер учаскелеріне инфрақұрылым желілерін тартуда құлықсыздық танытып отыр. Соның салдарынан xалыққа жер учаскелерін тарату мен тұрғын үйлерді салу жұмысы кейінге шегеріледі. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек әкімдерге осы мәселені тағы бір рет ескертіп өтті,-деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нурлы жер телим

«Былтыр бюджетті жоспарлағанда 80 млрд. теңге арнайы бөлінген болатын. Бірақ әкімдіктердің берген құжаттары тек 38 млрд. теңге болды. Бұл дегеніміз, биыл ол инфрақұрылымды жүргізбесек, онда 2019-2020 жылдарда тұрғын үйлерді сала алмаймыз»,-деді Ж.Қасымбек министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Министрдің айтуынша, алдағы екі-үш айдың ішінде республикалық бюджет нақтыланатын болады. «Сондықтан әкімдіктерге айтарымыз, керек құжаттарды осы бір-екі аптаның ішінде бізге тапсыруларыңыз қажет. Барлығын сараптамадан өткізіп, министрлікке беру керек. Бізде қазір оған бөлінген қаржы бар. Осы айдың ішінде оны істемесек, онда облысқа қаржы жіберілмейді деген сөз»,-деп атап көрсетті салалық ведомства басшысы.

Айта кетейік, елімізде жыл сайын 40-50 мың жер учаскесіне инфрақұрылым желілерін тарту жоспарланған. «Қазіргі келген 40 млрд-тың ішінде 15 млрд. теңгені ғана жеке тұрғын үй құрылысына беріп отыр. Бұл — әкімдіктердің есебі. Негізі, біз тағы да 40 млрд. теңге аламыз деп отырмыз. Өйткені жыл сайын «Нұрлы жер» бойынша 80 млрд. теңге берілуі керек. Біз, кем дегенде, 40 мың учаскеге инфрақұрылым апаруымыз қажет»,-дейді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Марxабат Жайымбетов.

Айқара Ғұмар

Фото qamshy.kz сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*