Атырау қаласындағы 194 көшеге жарық орнатылады

Атырау қаласындағы 194 көшеге жарық орнатылады. Бұл туралы қала әкімі Серік Шапкенов тұрғындарға есеп беру кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды  Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
20180214141844

Елбасының жолдауындағы «Ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін, Атырау қаласында бірқатар жобалар қолға алынуда. 2018-19 жылдар аралығында Атырау қаласында ұзындығы 187 шақырым болатын 194 көшеге жарық орнату жоспарлануда.

Бүгінгі күнде осы жобаны іске асыру үшін инвесторлармен жұмыс жасалып жатыр. Атап айтқанда, 2017 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жалпы ұзындығы 160 шақырым болатын 39 көшеге заманауи диодты жарықтандыру жүйелерін салу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде 19 көшедегі жарық шамдары іске қосылды. Қалған 20 көшедегі жарық шамдары биыл пайдалануға беріледі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*