Атырауда жаңа саябақ ашылады (ФОТО)

Атырауда жаңа саябақ ашылады. Бұл туралы қала әкімі Серік Шапкенов айтты.

d7f353b6-e633-4281-a3fc-083d844178a8

Оның мәлімдеуінше, бүгінде Атырау мемлекеттік университеті маңындағы Жайық өзенінің «банан жағалауынан» саябақ салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өтуде.

6cc4b253-5993-4896-8521-678d9ab4d861

64091a5d-8dd6-47eb-ad12-b40ef0f1d123

Саябақ ауданы – 6,5 гектарды құрап, 3,1 гектар аумағына жасыл желек, арша, бөртегүл егіледі деп күтілуде.

Жаңа саябақта биіктігі 55 метр болатын шолу дөңгелегі, әткеншек, балалар ойын алаңы, скейтборлинг, ұзындығы 300 метрлік жаяу жүргіншілер субұрқағы, шағын футбол алаңы, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары орналастырылмақ.

e3fdf174-48b4-4609-8beb-7b274c663b0b

bfd53ad6-f630-4977-bc11-bc41584a892f

f942ec62-fd95-48b4-b5cc-1f324015b29b

«Мұндай саябақ бұрыннан қажет еді. Облыс басшысының тапсырмасымен тұрғындардан ұсыныстар жинап, ең тиімді нұсқаны таңдап алдық»,-дейді Серік Шапкенов.

Қала әкімі саябақ құрылысы жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдары есебінен жүргізілетінін айтты.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*