Атырауда кәріз суын тазарту станциясы салынады

Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру жиынында Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов айтты. Кәріз суын тазарту станциясының салынуы облыс орталығындағы көптеген мәселелердің шешілуіне ықпал етпек. Нысан келер жылы пайдалануға беріледі,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

7d5dd331-9353-4b22-a79a-34daafde6b02

Жоба құны 10,1 млрд.тенге. Бір айта кетерлігі, кәріз тазарту станциясы іске қосылғаннан кейін тұрғындардың бірнеше жылдар бойы наразылығын туғызып келген «Сасық сай» булану алаңы жабылады. Жаңа кешенде бас кәріз станциясы, тазартылмаған судың құрастырмалы коллекторы, кәріз суын тазарту құрылғысы алаңы, булану мен биологиялық тоған алаңы болады.

d6337d66-0fd4-4b51-910c-4d1d625e83e8

Құрылыс былтыр басталған. Қазір нысанның бірқатар бөлігі, атап айтқанда, өндірістік, тұрмыстық ғимараттар блогы, көлікжай, ауаөткізгіш станция, жылу қазандығы, хлорлағыш, балшық сорғыш және дренаж сорғыш станция, темірбетон қоршау, өткел жолы салыныпты.

Жалпы, жаңа кәріз тазарту станциясының қуаты тәулігіне 70 мың текше метр су деп болжанып отыр. Тиісінше, суды тазарту кезең-кезеңімен механикалық және биологиялық әдіспен жүргізіледі.

4c26d098-e256-40f6-b5d2-9a42dabaaa76

«2016 жылы аймақ басшысы Атырау қаласының сол жақ бөлігінде кәріз суын тазарту қондырғылары проблемасын шешуді тапсырды. Құрылыс 1978 жылы салынған, содан бері күрделі жөндеу болмаған. Ағын су булану алаңына жетпес бұрын тазартудың толық сатысынан өтпейді. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырды, егер төтенше жағдай болса, қала түгелімен лас судың астында қалар еді»,-дейді Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов.

Айта кетейік, 2016 жылы 4 қарашада Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев селекторлық жиналыста кәріз суларының су тарту жүйесінің жағдайын «бомбаға» теңеп еді. Аймақ басшысы қала әкімдігіне бұл проблеманы барлық ресурстарды іске қосып, шешуді тапсырды.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*