Ақмешіт кесенесінің макеті жасалды

Бекет ата әулие дүниеге келген, мешіт салдырған қасиетті орын – Ақмешіт кесенесі бүгінде өз отандастарымызды ғана емес, алыс-жақыннан сапарлай келген шетелдіктерді де қызықтыра бастағанына куәміз.

Акмешит кесенеси

Кесенені тамаша туристік нысанға айналдыру мақсатында қолға алынып жатқан игі бастамалар да аз емес. Жақында жерлесіміз, белгілі мүсінші, суретші Серік Мәтениязов Ақмешіт кесенесінің макетін сомдап, жасап шығарды. Аудандық тарихи-өлкетану мұражайының тапсырысымен дайындалған макет көп ұзамай осындағы құнды жәдігерлердің қатарынан орын алатынына сенім мол. Одан бөлек, Аралтөбеден табылған әлемге әйгілі «Алтын адам» көшірмесі де мұражайға қойылады деп күтілуде.

Перизат ҚИЗАТОВА

Жылыой ауданы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*