Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев суару жүйелерін ұтымды пайдалануды ұсынды

Атырау облысының суару жүйесі толығымен пайдаланылуы тиіс. Бұл үшін барлық жүйені жаңарту қажет. Махамбет ауданында өткен кеңесте аймақ экономикасының маңызды тақырыбы талқыланды,-деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

e56d9962-b25b-4607-bd71-2f72c65d9321

«Казсушар» РМК Атырау филиалының басшысы Асланбек Рысжановтың мәлімдеуінше, Атырау облысындағы суару жүйесінің аумағы – 1152 шақырым (Махамбет, Индер, Құрманғазы, Исатай аудандарында). Бүгінде 4 су арнасы аймақтың коммуналдық меншігіне берілген. Ал 11 су арнасы республикалық меншікке тиесілі. Биыл 10 су арнасы жергілікті басқармаға өтетін болады. Тиісінше, құжаттары дайындалуда.

2017 жылы суармалы және деформацияланған жер учаскелеріне 12 миллион текше метр, жайылымдық жерге 2 миллион текше метрден астам су берілген. Алайда, басты мəселе — көптеген су арналары бітелген жəне тозған. Оларды жөнге келтіру миллиардтаған салымды талап етіп отыр.

50eb2bbe-450d-433e-8551-02b89198908b

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жергілікті атқарушы органдар қаржыландыруды өз мойнына алып отырғанын айтты.

«Мəселені кешенді түрде шешу қажет. Бəріне мəлім, Атырау облысында су тапшы. Əр тамшы судың сұрауы бар. Сондықтан, барлық су арналарын шалғайдағы елді мекендерге су беру үшін пайдалану қажет. Бұл егіс алаңын ұлғайтуға, мал шаруашылығына жаңа серпін береді»,-деді аймақ басшысы.

Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, суару жүйелерінің қуатын арттыру жобасын жүзеге асыру үшін шамамен 2 млрд. теңге қажет.

«Ия, əрине шығындар болады, бірақ біз алға қарай ұмтылуымыз керек. Агроөнеркәсіптік кешендерді дамытуға қолдау көрсету керек, әрдайым субсидиялар қажет. Статистика бойынша, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының саны жылдан жылға қысқаруда. Бұл тікелей ауданға судың қанша көлемде берілуіне байланысты. Мемлекет басшысы біздің алдымызға экономиканы әртараптандыру және агроөнеркәсіп саласын дамыту міндетін қойып отыр. Біз осы бағыттағы осал тұстарды анықтап, оларды тез арада қалпына келтіруіміз керек»,-деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*