Судьялар Одағының Атырау филиалына жаңа төраға сайланды

Атырау облыстық сотында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы облыстық филиалының есептік-сайлау конференциясы өтіп, оған жергілікті сот корпусының барлық өкілдері қатысты.

681104_1421061236

Конференция барысында Судьялар Одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы А.Ташенованың 2017 жылы атқарған жұмыстары тыңдалды.

Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов Судьялар Одағы жергілікті филиалының нәтижелі жұмысына тоқталып, жемісті еңбегі үшін Айгүл Ташеноваға алғысын білдірді.

Кейін конференцияның күн тәртібі бойынша Судьялар Одағы облыстық филиалының төрағасы болып Атырау қалалық сотының төрағасы Алмат Ерманов сайланды.

Ерманов Алмат Нұрмұратұлы — 1997 жылы Қазақ Мемлекеттік заң университетін бітірген. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік тергеу комитетінің тергеушісі, Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы ҰҚК департаментінің жедел уәкілі, Қызылорда облысының мамандандырылған экономикалық сотының судьясы, Қармақшы аудандық сотының судьясы қызметтерінде болған. Кейін Қызылорда облыстық сотының судьясы болып тағайындалған. Қазіргі уақытта Атырау қалалық сотының төрағасы лауазымында.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*