Атырауда тағы да шетелдік автокөлік отқа оранды

Соңғы кездері Атырауда автокөліктердің өртенуі жиілеп кетті. Осы орайда, 12 ақпан күні, сағат 20:29-да тағы бір өрт оқиғасы тіркелді.

Пожар иномарка

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласындағы «Лесхоз-2» ықшамауданында «Фольксваген Пассат» автокөлігі отқа оранған. «Тілсіз жауды» өшіруге 1 арнаулы техника және жеке құрамдағы 7 адам жұмылдырылыпты.

Өрт сағат 20:52-де сөндірілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бүгінде өрттің шығу себебі анықталуда.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*