Теміржол саласына жаңа технология енгізіледі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да өткізілген дөңгелек үстел отырысында теміржол саласына блокчейн технологиясын өндіріске енгізу жайы қаралды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Темиржол жана технология

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Цифрлы темір жол» бағдарламасы жасалды. Ол негізі бизнес үдерістерді автоматтандыруға бағытталған»,-деді компанияның ақпараттық технология жөніндегі вице-президенті Арман Нұрышев.

Өз кезегінде «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының» директоры Серік Төлебаев, «өндірістік үдерістерді цифрландыру қызмет көрсету сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Оның ішіндегі болашағы зор бағыты — блокчейн технологиясы. Ол арқылы логистикалық тізбекке қатысушылар ақпарат алмасу мен сақтау қызметтерін жақсартады»,- дейді.

Қазіргі таңда әлемдік тауар алмасудың тоқсан пайызы контейнермен жүзеге асырылады. Оларды жеткізуге 30-ға жуық логистикалық тізбек қатысушылары кіріседі. Оның қатарында жүк жөнелтушілер, жүк қабылдаушылар, тасымалдаушылар, кеден және бақылау органдары, солармен қатар 200-ден астам өзара ақпарат алмасу шаралары өткізіледі.

Ал, блокчейн бұл тізбектегілердің іс әрекеттерін кәдімгі смартфон арқылы тіркейді. Нәтижесінде, тауарлардың ілеспе құжаттарын ресімдеу қажет болмай қалады.

Айқара Ғұмар

Фото tengrinews.kz сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*