Атырауда «Toyota» көлігі «Насиха» пассажының қоршауына соғылды (ФОТО)

10 ақпан күні Атырауда «Toyota» көлігі «Насиха» пассажының қоршауына соғылған. Салдарынан, базардың темір қоршауы қирап, саудагерлердің дүние-мүлкі бүлінген.

ДТП РАХАТ 2

«Бүгінгі күні «Toyota Highlander» маркалы автокөліктің жүргізушісі 1961 жылы туған азамат екені анықталды. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 610-бабы, 1 бөлімі бойынша хаттама толтырылған және іс сотқа жіберілді»,-дейді Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

ДТП РАХАТ

Қазіргі таңда оқиғаның себеп-салдары зерделенуде.

Айқара Ғұмар

Фото @zello_atyrau парақшасынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*