Индерлік 10 жасар Назарға шұғыл көмек қажет

Атырау облысы, Индер ауданы, Бөдене ауылының кішкентай тұрғыны Назар Қуанышкерейқызына шұғыл түрде қаржылай көмек қажет. Сал ауруына шалдыққан бүлдіршін Назарға осы жылдың 2 сәуір күні ота жасалмақ екен. «Осыған байланысты қайырымды жандардан көмек сұраймын», – дейді редакциямызға хабарласқан оның анасы Айжан.

IMG-20180212-WA0019

Айжанның айтуынша, қызы Назар жүре алмайтындықтан бүгінде сабақты үйден оқитын көрінеді.

– Бүгінгі күні отаға дайындалып жатырмыз. Ота 2 сәуір күні Атырау қаласындағы Севастополь көшесі 10 А үй мекен-жайында орналасқан «Медикер» медициналық орталығында жасалмақ. Отаның құны – 1000 АҚШ доллары. Өткен жолғы отасына «Жүректен жүрекке» қайырымыдылық қоры көмек қолын созған болатын. Әлеуметтік жағдайымның қиындығына байланысты, осы жолы да қайырымды жандардан көмек сұрауға мәжбүрмін. Бар арманым – қызым Назардың аяққа тұрғанын көру, – дейді ол бізбен әңгімесінде.

IMG-20180212-WA0021

Айта кетейік, 10 жасар Назар Қуанышкерейқызына көмектескісі келетін жандар болса, анасы Айжанға мына ұялы байланыс нөмірі арқылы хабарласуына болады:

87782152237 (Киви әмиян).

 

Шаһсұлтан БАҺАДҮР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*