Бұзақылық әрекеті үшін 15 тәулікке қамалды

Бұзақылық әрекеті үшін Индер ауданының тұрғыны 15 тәулікке қамалды. Ол бұрын тәртіптік жауапкершілікке тартылғанымен, 1 жылдың ішінде қайталап құқық бұзған.

Бузакылык сот

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылдың ақпан айында ол Индербор кенті, Майдыров көшесінің бойында алкогольдік ішімдік ішкен. Кейін масаң күйге түсіп, көшеде келе жатқан азаматты боқтап-балағаттап, ар – намысына тиетін сөздер айтыпты.

Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Айқара Ғұмар

Фото escapersmilano сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*