Құрманғазы ауданында үйдің едені опырылып түсті

Апатты жағдай 9 ақпан күні, сағат 23:50 шамасында тіркелген. Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Ғилаев көшесіндегі 36-үй, 12-пәтердің едені жертөлеге құлап, жалпы 7 шаршы метр аумақ опырылған.

еден опырылды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қосқабатты үй 1970 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде апатты деңгейде тұр.

Абырой болғанда, еденнің құлауынан зардап шеккендер немесе қаза тапқандар жоқ.

Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде.

Айқара Ғұмар

Фото pikabu.ru сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*