Атырауда артық адам тасымалдаған 3 автобус тоқтатылды (ВИДЕО)

8 ақпан күні Атырау облысы Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Өзбекстан азаматының басқаруындағы «Ford Tranzit» автокөлігін тоқтатқан. Автобус Маңғыстау облысынан Ресей Федерациясының Астрахань қаласына қарай бағыт алған екен.

Артык жолаушы

Тексеру барысында автокөлік салонынан 15 жолаушы анықталды. Барлығы да Өзбекстанның азаматтары. Алайда, жолаушыларды шамадан тыс көп тиеген бұл бір емес. Көп ұзамай республикалық маңызы бар «Доссор-Құлсары-Бейнеу» тасжолы бойында тағы да 2 автобус ұсталған.

Құқық қорғаушылар барлық жолаушыларды жақын маңдағы қоғамдық тамақтану орындарына жеткізіп, одан әрі көші-қон полицейлері оларды Ресей Федерациясына жеткізу үшін жолай көліктерге отырғызыпты. Ал, тоқтатылған 3 автобустың жүргізушілеріне қатысты 7 әкімшілік хаттама толтырылған.

Жалпы, «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 697 заң бұзушылық анықталды. Әкімшілік хаттамалар көбінесе жылдамдық асыру, қоғамдық көлікті басқару кезінде телефон құралдарын пайдалануға қатысты тіркелген.

Айқара Ғұмар

Видео Атырау облыстық ІІД-нің Facebook-тегі парақшасынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*