Атырау облысында 90 мұнай-газ ұңғымасы апатты жағдайда тұр

Бүгінгі таңда Атырау облысында 90 мұнай-газ ұңғымасы апатты жағдайда тұрған көрінеді. Осы себепті оларды жақын арада жою қажеттегі туындап отыр. Бұл туралы редакциямызға облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бурение

– Атырау облысында апатты жағдайдағы 90 мұнай-газ ұңғымасы тіркелді. Оның ішінде 2016 жылы мемлекеттік қорда тұрған Сарышағыл мұнай ұңғымасы жойылды, 2017 жылы Прорыва мұнай ұңғымасын жою үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың балансында тұрған 14 ұңғыма бойынша жұмыс жүргізуде, – делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, хабарламада осыдан ондаған жыл бұрын бұрғыланған қауіпті ұңғымалардың бір бөлігі Каспий теңізінің су басқан аймағында жатқандығы да айтылған. «Бұған қоса, өңірдегі суы өздігінен ағып шығатын 180 ұңғыманың 123-ін жою ұсынылған. Ағымдағы жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен ҚР Қаржы министрлігіне қараусыз қалған 60 ұңғыманы жою бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін бюджеттік өтінім ұсынылатын болады», – деп мәлім етті етті облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

 

Шаһсұлтан БАҺАДҮР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*