Боран Нысанбаев есімі ұлықталды

Биыл Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз Боран Нысанбаевтың туғанына 100 жыл, өшпес ерлік жасағанына 75 жыл толып отыр. Осыған байланысты атаулы мерекеге орай аудан көлемінде бірнеше шара ұйымдастырылды.

DSC_0406

Алдымен батыр рухына тағзым ету мақсатында таңертеңгілік Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды. Оған аудан әкімі және бөлім басшылары, батыр ұрпақтары мен БАҚ өкілдері қатынасты.

2018 жылдың қаңтар айында аудандық ардагерлер кеңесінің шешімімен Б.Нысанбаевтың 100 жылдығына орай, мерекелік медаль шығарылған болатын. Осы мерекелік медальді аудан әкімі Серік Арыстан батыр бабамызды ұрпаққа үлгі етіп, мұрасын халық жадына сақтау барысында еңбек еткен бір топ азаматтарға, атап айтар болсақ – Атырау облыстық ардегерлер кеңесінің төрағасы Қ.Ризуановқа, Б.Нысанбаевтың туысы, батырды елге насихаттаушы, мұрасын ұрпаққа танытуда үлкен үлесін қосып жүрген К.Нысанбаев пен Н.Хамидуллинаға, Б.Нысанбаевқа арналған кітапты шығаруға белсенді араласып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығында Ресей Федерациясына батыр жерлестерін бастап барған делегацияның төрағасы, аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Ө.Нұриевке, Ұлы Отан соғысының ардагері, Көктоғай ауылдық округінің тұрғыны Ж.Жұмашевқа салтанатты рәсімде табыс етті.

DSC_0456

Батырдың 100 жылдық мерейтойы аясындағы шаралар Көктоғай ауылдық округінде де жалғасын тапты. Алдымен батыр атындағы мектепте орналасқан ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, батыр ерлігі жайлы әңгімелер айтылды. Индер көп бейінді ауылшаруашылық колледжінің «Дельфин» әскери патриоттық клубы сарбаздарының жаттығулары мен мектеп оқушыларының дайындаған жыр жолдары да көпшіліктің көңілінен шықты. Кейін барлық қатысушы қонақтарға экскурсия жетекшісі Қ.Жылқышиева батыр мұражайының жәдігерлерімен таныстырып, құнды деректер туралы әңгімелеп берді.

DSC_0498

Аудандық «Ақжайық» халықтық театрының ұжымы Боран Нысанбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Көктоғай» Мәдениет үйінде «Бұл Лескийде болған еді» атты театрландырылған көрінісінің соңында да жиналғандардың көзінен аққан тамшы жасты байқадық.

DSC_0625

Соңында Батыр ұрпақтары кейін Боран аталарының 100 жылдығына орай мейрамханада арнайы ас берді.

Сол күні Индербор кентінің денешынықтыру-сауықтыру кешенінде де ересектер арасында волейболдан аудандық ашық біріншіліктің ашылуы өткен болатын. Оған Атырау облысының аудандарымен қатар, көршілес Батыс Қазақстан облысынан да командалар қатысты. Бір күнге созылған біріншіліктің жеңімпазы болып «Атырау» құрамасы танылып, байрақты бәсекенің басты жүлдесі Кубок пен 100 000 теңгеге ие болса, 2-3-ші орындарға тігілген 75 000 және 50 000 теңгелерді Батыс Қазақстан облысынан келген командалар өзара бөлісті.

DSC_0424

DSC_0666

Аудан әкімі Серік Бисешұлы батыр атындағы ашық біріншіліктің ең үздік деп танылған ойыншыларын да марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

 

Рафхат ЖҰМАБАЙ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*