Атырауда «салафиттер» автобус жүргізушілерінен ақша бопсалаған

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жолаушылар тасымалдаушыларынан ақша бопсалап келген топты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен мәлім етті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Такси вокзал

«Атырау қаласында 2 жыл бойы «Атырау-Астрахан», «Атырау-Орал», «Атырау-Бейнеу» бағыттарында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатындардан ақша қаражаттарын бопсалаумен жүйелі түрде айналысып келген адамдар тобы құрықталды. Аталған бағыттарда 200-ге жуық автокөлік жүріп тұрған. Ай сайын әр көлік жүргізушісінен алым-салықтың көлемі 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін құраған. Ұсталған тұлғалар деструктивті бағыттағы дәстүрлі емес салафиттік ағымның ұстанушылары болып табылады»,-деп атап өтілген ҚР ҰҚК мәліметінде.

Аталған қылмыс ҚР ҚК-нің 194-бабы, 2-бөлігінің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Топтың 6 белсенді мүшесіне қатысты күзетпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды»,-деп нақтыланған таратылған мәліметте.

Айқара Ғұмар

Фото azh.kz сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*