«Заңғар» жобасы — табысқа жеткізетін төлқұжат

Атырауда өмірлік дағдыларды дамытуға бағытталған халықаралық бағдарлама бастау алған болатын. «Шеврон» компаниясы, облыс әкімдігі, Халықаралық жастар және «Инфо Центр» қоғамдық қорларының бірлесуімен жүзеге асырылған жобаға 340 жас қатысты.

 

Зангар жобасы

Бұл бағытта биыл облыс мектептерінде, колледждер және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ, 21 ұйымда семинар-тренингтер ұйымдастырылды. «Шаңырақ» балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін 55 сабақ өткізілді. Айта кету керек, төрт жыл мерзімге есептелген бастама ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) саласы бойынша оқу бағдарламаларын біріктіреді.

Зангар жобасы 2

Атырау бизнес және құқық колледжінің студенті Зарина Ноханова – аталмыш бағдарламаның түлегі. «Мен өзімнің ішкі сенімділігімді арттырып, кез-келген қиындықты оңтайлы шешу мен табысқа жету жолдарын үйрендім. Бағдарлама көмегімен «Атырау аруы-2017» сайысына қатысып, жүлделі орынға ие болдым. Адамдармен қалай тез тіл табысуға болады, көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті, қобалжу мен қорқыныш сезімін басқару, қоғамда өзіңді қалай ұстау керек, міне, соның бәрін осы жоба арқылы білдім»,-дейді ол.

Осылайша, «Шеврон» корпорациясы «Заңғар» жобасы арқылы 10-22 жас аралығындағы жергілікті тұрғындардың әлеуетін арттыруды қолға алды. Жуырда қатысушылар салтанатты жағдайда марапатталып, әлеуметтік жаңа жобаларын ұсынды.

Амандық АБДОЛ

Фото firestock.ru сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*