«Атырау-Ақпарат» медиа-мектебінде баспасөз қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг басталды (ФОТО)

«Атырау-Ақпарат» медиа-мектебі қабырғасында мемлекеттік қызмет саласындағы баспасөз қызметкерлеріне арналған «Баспасөз қызметі мен БАҚ арасындағы байланыстың тиімді әдістері» атты үш күндік семинар-тренинг басталды.

ANU_8010

Оған облыс орталығы мен аудандардан 20-дан астам тыңдаушы қатысуда. Атап айтқанда, Атырау облысы бойынша ҚАЖ, облыстық ішкі істер, Әділет, сот, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен қалалық басқармалардың, Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» және 7 аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшылары мен осы қызметке жауапты мамандар аталған дәрістер мен шеберлік сыныптары, біліктілік арттыру, тәжірибе алмасу курсынан өтеді.

_EAC2388

_EAC2458

_EAC2508

_EAC2634

Дәріс оқитын лекторлар арасында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Гуманитарлық ғылымдар және шет ел тілдері факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлфайруз Қайырғалиева, Қазақстанның құрметті журналисі Регина Валишева, облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева, «Қазақстан» РТРК АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Бағдат Ізмағанбет, «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметінің өкілі Қосұйым Мұқашев секілді білікті медиа мамандар бар.

_EAC2516

Аталған тәжірибелі мамандар «Баспасөз қызметкерінің жауапкершілігі», «Жедел және шынайы ақпарат таратуда ескерілетін қағидалар», «Баспасөз қызметкерінің кәсіби біліктілігін арттырудың жолдары», «Мекеме жаңалықтарының теледидарда көрініс табуы және оны ұйымдастырудағы баспасөз қызметінің рөлі» және т.б. тақырыптарда дәрістер мен тренингтер өткізеді.

ANU_8078

Ерекше атап өтетін жәйт, семинар-тренинг барысында БАҚ пен баспасөз қызметі арасында жүйелі де тығыз байланыс орнату мақсатында теориялық ілімнен гөрі практикалық тәжірибеге көбірек басымдық беріледі.

????????????????????????????????????

Айтпақшы, қысқамерзімді оқу курсы «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі бастамасымен ақысыз негізде ұйымдастырылып отыр.

Нұрсұлтан МЫҚТЫБАЙ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*