Рұқсатсыз құрылыс жұмысын бастағаны үшін жауапқа тартылды

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жеке кәсіпкер М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

1

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы М. сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға хабарлама жолдамай, дүкен құрылысымен айналысқан.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға хабар беруге мiндеттi.

Сот қаулысымен айыпталушы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 463-бабының, 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 34 035 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Айқара Ғұмар

Фото stroyka-zdaniy.ru сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*