2017 жылы Атырауда 22 мың адам жұмысқа орналасқан

Атырауда 30 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

dce60c96-7084-4a25-8297-875132938c5a

Өңірлік жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 22 мың жұмыссыз азамат жергілікті және тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жұмыспен қамту орталықтарында жұмысқа орналасуға өтініш білдіргендердің ішінен 5441 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға орналастырылып, 2793 адам қайта даярлауға және біліктілігін арттыру курстарына жіберілген.

4de15dcb-b2a6-4852-8882-deb2a22e3cff

«Атырау облысының тұрғындарын жұмыспен қамтудың кешенді жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін жоспар 145 пайызға орындалды. Жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу үшін жұмыс берушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, облыс әкімдігі және 2539 жұмыс беруші мен кәсіподақ арасында меморандумдарға қол қойылды. Нәтижесінде, 869 жұмыс орны сақталды, оның ішінде 1228 адам жұмыспен қамтылды»,-дейді облыстық жұмыспен қамту орталығының мамандары.

Сонымен қатар, есепті кезеңде 53 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, 2 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылған.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*