Жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші 1 жылға сотталды

Атырауда жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші 1 жылға сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

v-novousmanskom-raione-voditel-sbil-peshehoda-i-skrilsia-ostaviv-ego-umirat

Іс материалдарынан анықталғандай, 2017 жылдың тамыз айында А.Е. Баймұханов көшесінің бойында көлігімен келе жатып, жаяу жүргінші А.З.-ны  қағып кеткен. Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген.

Сот үкімімен сотталушы А.Е. Қылмыстық Кодекстің 345-інші бабы, 2-інші бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектетілді. Сондай-ақ, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айдос Қарабала

Фото cheboksary.ru сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*