Жол жүру ережесін сақтамағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

Атырауда жол жүру ережесін сақтамаған құқық бұзушы жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Іс құжаттарынан анықталғандай, құқықбұзушы Б. «Mitsubishi Outlander» маркалы автокөлігімен «Атырау-Орал» тас жолында келе жатып,  «Камаз» жүк көлігін басып озу кезінде қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Салдарынан, «Газ-330232» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Сөйтіп, «Газель» көлігінің ішінде отырған жасөспірім Д. жеңіл түрде дене жарақатын алған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 610-ыншы бабының, 2-інші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 34 035 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру  түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Айдос Қарабала

Фото avtomotospec.ru сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*