Көлікке ұрлыққа түскен 38 жастағы азамат құрықталды

Атырауда көлікке ұрлыққа түскен 38 жастағы азамат құрықталды. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Олардың айтуынша, күдікті 1 қаңтар күні, сағат 07:40-та «Сарыарқа» мөлтек ауданындағы үйлердің бірінің ауласында тұрған «Рено Сандеро» көлігінің артқы есігін ашып, ішіндегі сөмкені ұрлап кеткен. Бұл әрекет сол маңда тұрған бейнекамераның назарына ілігіп, «Батыс-24» патрульдік экипажы дереу іздеу шараларына кіріскен.

Нәтижесінде, 1979 жылы туған Лесхоз ықшам ауданының тұрғыны ұсталды. Тексеріс кезінде, ол бұрын 2004 жылы Әкімшілік құқық бұзғаны үшін қылмыстық тіркеуде тұрғаны анықталды.

Бүгінде Қылмыстық Кодекстің 188-інші бабы, 2-інші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Айқара Ғұмар

Фото daily.com.ua сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*