Жаңа жыл түнінде Атырауда 62 сәби дүние есігін ашты

Жаңа жыл түнінде Атырау облысындағы перзентханаларда 62 сәби дүниеге келді. Жеті қазынаның бірі – ит жылымен бірге дүние есігін ашқан 40 ұл мен 22 қыз баланың денсаулығы қалыпты, − деп отыр дәрігерлер.

Атап айтқанда, облыстық перинаталдық орталықта бір тәулікте 34 сәби дүниеге келген. Оның 22-сі ұл, 12-сі қыз. Атырау қалалық перзентханада 10 ұл, 4 қыз бала өмір есігін ашты.

Ал, аудандар бойынша Жылыой, Құрманғазы, Махамбет аудандарында дүниеге келген нәрестелер тіркелді.

Жаңа жылда босанған аналарға жылдағы үрдіспен ақ халаттылар Аяз ата мен Қаршақыз кейпіне еніп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Атырау облыстық перинаталдық орталығы директорының орынбасары Альмира Сабырғалиеваның айтуынша, жыл сайын қыздарға қарағанда ұлдар көбірек дүниеге келеді. Бірақ, арнайы статистикалық агенттіктердің қорытындылауы бойынша, әйелдер ер адамдардан көбірек болып шығады.

Жалпылай алғанда, мамандар аймақтағы демографиялық ахуал жақсарып келе жатқанын айтады.

Нұргүл Насыр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*