Атыраулық үш жігіт 38 жасар азаматшаны пышақпен қорқытып, үйін тонап кеткен

Атырауда үш жігіт 38 жасар азаматшаны пышақпен қорқытып, үйін тонап кеткен. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Оқиға 1 қаңтар күні, таңғы сағат 04:45 шамасында болған. Атырау қалалық Ішкі істер басқармасына 1979 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы хабарласып, өзін тонап кеткенін мәлімдеген.

Оның айтуынша, Сәтпаев көшесіндегі үйіне үш жігіт баса-көктеп кіріп, пышақпен қорқыту арқылы алтын сырғасы, 50 мың теңгесі мен «Нокиа» маркалы ұялы телефонын қолды еткен.

Оқиға орнына барған полицейлер күдікті азаматтың бірінің куәлігін тауып алған. Нәтижесінде, 1984 және 1992 жылы туған екі күдіктінің жеке басы нақтыланып отыр. Ал, үшіншісін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде Қылмыстық Кодекстің 192-інші бабы, 2-інші бөлігі бойынша тергеу жұмыстары басталған.

Айдос Қарабала

Фото radian.bg сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*