Қазақстанда педофилдерді химиялық кастрациялау туралы заң күшіне енді

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап педофилдерді химиялық кастрациялау түріндегі мәжбүрлі емдеуді қарастыратын заң күшіне енді,-деп хабарлайды Tengrinews.kz.

1

Еске салайық, 2016 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған еді. Заң жобасындағы өзгертулердің ішінде педофилдерді піштіру жазасын қолданысқа енгізу де бар.

«ӘҚБтК, қылмыстық-атқару кодексіне өзгерістер енгізіледі. Өзгерістер жыныстық қол сұғушылық мәніндегі қылмыстардың жазасын қатаңдатуға бағытталады. Оның ішінде педофилдерге химиялық кастрация түріндегі медициналық шараны қолдану нормасы бар»,-деп мәлімдеген болатын Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Төлеубек Мұқашев.

Сонымен қатар, заң жобасында жетім балалар туралы республикалық мәліметтер банкін құру мәселесі де қарастырылған.

Айқара Ғұмар

Фото reuters.com сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*