Дәурен – біздің мақтанышымыз!

«Атырау–Ақпарат» медиасеріктестігі 2017 жылды қорытындылап, салтанатты кеш ұйымдастырды. Облыстық екі басылым мен жеті аудандық газет, баспахана қызметкерлері арасынан өз саласы бойынша үздік деп танылған бір топ әріптесіміз түрлі марапатқа ие болды.

Марапат

Алдымен сөз алған серіктестік басшысы Баязи Әбдешев өткен жылдың жетістіктері жайлы айта келе, жаңа жылға деген ізгі лебізін жолдады. «Осы жыл «Атырау–Ақпарат» үшін табысты жылдардың бірі болды. Бірлесе жұмыс жасау әлі де талай шыңдарды бағындыруға серпін бермек. 2018 жыл әр отбасына бақыт пен қуаныш ала келсін!»,-деген Баязи Мәдешұлы жыл үздіктерін салтанатты түрде марапаттады.

Бірнеше аталым бойынша озық еңбек үлгісін көрсеткендер қатарында облыстық «Атырау» газетінің жауапты хатшысы Дәурен Мұхамбетәлиев те бар. Бет құрушыдан бастап, аға дизайнер, жауапты хатшы сынды бірнеше қызметтік сатыдан өтіп, он жылдан астам еңбек етіп келе жатқан әріптесіміз газеттің әр санының сапалы да мазмұнды шығуына бар күш-жігерін жұмсап келеді. Жыл жабылар сәтте «Үздік жауапты хатшы» болып танылған әріптесімізге жаңа жылда да тың серпін мен шығармашылық ізденістер тілейміз.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*