«Алаш туы астында…» атты публицистикалық туындылар байқауының жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)

«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі ұйымдастырған «Алаш туы астында…» атты публицистикалық туындылар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы мен Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай өткізілген байқаудың жүлде қоры 1 млн. теңгені құрады.

ЕАС 018

Салтанатты марапаттау рәсімінде сөз алған «Атырау-Ақпарат» серіктестігі директорының орынбасары Рауан Сәбитұлы байқаудың маңыздылығына тоқталды. «Биылғы жылдың ақпан айында бастау алған сайыс желтоқсан айына дейін созылды. Алаш қозғалысына байланысты мақалалар Атырау облысымен қатар, көршілес Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Алматы, Астана қалаларынан келді. Жалпы, 100-ден астам материал жинақталды. Біз оларды облыстық, аудандық газеттерде жарияладық. Байқаудың мақсаты – Алаш арыстарын ұлықтау, құндылықтарды насихаттау»,-деп сөзін түйіндеді Р.Сәбитұлы.

Сонымен, байқаудың қорытындысы бойынша үздік саналған зерттеу мақалаларының авторлары аталды. Ынталандыру сыйлығы – 83500 теңгеге «Атырау» газетінде жарияланған «Алаштың алдаспан азаматы» атты мақаласы үшін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті Айдар Сабыров, «Алашорда ақиқатына апаратын жол Ойылдың бойында жатыр» атты мақаласы үшін «Атырау» газетінің тілшісі Амандық Абдолов, «Алаш – асқақ рух туы» атты мақаласы үшін «Дендер» газетінің тілшісі Сүйеу Халықов, «Жайық шұғыласы» газетінде жарияланған «Дәрігер Есенғали Қасболатов» атты мақаласы үшін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 4-курс студенті Сымбат Амалова ие болды.

ЕАС 045

ЕАС 027

ЕАС 030

ЕАС 050

Жүлделі ІІІ орын «Тернистый путь к независимости» атты мақаласы үшін «Прикаспийская коммуна» газетінің бөлім меңгерушісі Надежда Тулинаға бұйырды. Ол 111 мың теңгелік қаржылай жүлдені еншіледі.

ЕАС 068

ІІ орынға «Атыраудың Алашордалық мұғалімдері» атты зерттеу мақаласы үшін Атырау мұнай және газ университетінің құрметті профессоры Аманғали Әміржанұлы лайық деп танылды. Жүлдесі – 222 мың теңге.

ЕАС 084

Ал, жүлделі І орын мен байқаудың бас сыйлығы 333 мың теңгеге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Аққали Ахмет ие болды. Ол «Атырау» газетінде жарияланған «Қайраткер Қаратілеуов» мақаласы үшін жеңімпаз атанды.

ЕАС 099

Салтанатты шарадан соң «Атырау-Ақпарат» серіктестігі директорының орынбасары Нұрлан Қабылов, жеңімпаз бен жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтады.

ЕАС 116

ЕАС 020

Байқау жеңімпазы Аққали Ахмет ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, мұндай шаралардың жиі өтуі керектігіне тоқталды. «Алашорданы зерттеу бір жылдық жұмыспен ғана шектелмейді. Бұл тақырыпты «терең қазу» үшін қаншама ізденіс, қаншама маңдай тер төгіледі. Әсіресе, келесі жылы құрылғанына 100 жыл толатын Батыс Алашорда тарихы жөнінде жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілгені абзал. Бұл – болашақ ұрпақ үшін маңызды»,-деді ол.

ЕАС 140

Нұрсұлтан МЫҚТЫБАЙ

Суреттерді түсірген: Ерлан Алтыбаев

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*