Атырауда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары қамаққа алынды

26 желтоқсанда Атырау қаласының №2 соты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаменті тергеушісінің күдікті К.-ге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтарпау шарасын қолдану туралы өтінішін қарады.

1

Тергеу дерегінше, күдікті К. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары бола тұра айтарлықтай мөлшерде пара алған.

Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестірінде ҚР ҚК-нің 366 бабы (пара алу) бойынша тіркелді.

Сот К.-ге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына екі айға санкция берді.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Айдос Қарабала

Фото liter.kz сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*