Атырау облысының спортшылары жеңімпаздар шыршасын 1 мың медальмен безендірді (ФОТО+ВИДЕО)

Атырау облысы спортшыларының дəстүрлі балында жаңа жылдық «challenge» өтіп, 300-ден астам адам қатысты,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2017-12-25 at 13.46.24 (1)

Биіктігі 2 метрге жететін жеңімпаздар шыршасын облыс спортшылары 2017 жылы жеңіп алған 1000 медальмен безендірген. Олардың көбі спорттың əр түрінен өткен чемпионаттарда, параолимпиадада жүлделі орындарға берілген.

WhatsApp Image 2017-12-25 at 13.46.24

WhatsApp Image 2017-12-25 at 13.46.23 (1)

Шыршаны жасақтаған атыраулық спортшылар эстафетаны Қазақстанның өзге облыстарындағы спортшыларға табыстады.

WhatsApp Image 2017-12-25 at 13.46.24 (2)

«Біздің спортшылар ойлап тапқан жаңа жылдық challenge спортты насихаттауға жəне əріптестеріміздің рухын көтеруге бағытталған. Біз Қазақстанның барлық спортшылары бастамамызды қолдап, биыл қол жеткізген жетістіктерін көрсетеді деген сенімдеміз»,-дейді Атырау облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

WhatsApp Image 2017-12-25 at 13.46.22

WhatsApp Image 2017-12-25 at 13.46.23

Спортшылар балында «Үздік спорт федерациясы», «Үздік спортшы», «Үздік топ», «Үздік спорт жобасы» секілді 15 аталым бойынша жүлдегерлер марапатталды.

WhatsApp Image 2017-12-25 at 13.46.23 (2)

WhatsApp Image 2017-12-25 at 13.46.23 (3)

ВИДЕО:

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*