Атырауда ақын Әлия Дәулетбаеваның шығармашылық кеші өтті (ФОТО)

Махамбет атындағы облыстық драма театры төрінде ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Әлия Дәулетбаеваның шығармашылық кеші өтті.

ЕАС 646

«Тәңірдің берген сыйы Тәуелсіздік» мерекесіне тарту жасаған ақынның моноспектаклі көрермен көңілінен шығып, рухты тасытып, жігерді жанитын өлең-жырлары жүректерге жол тапты.

ЕАС 686

Ақын кешіне арнайы келген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың және Президенттік стипендияның иегері, ақын Светқали Нұржан мен ақын, филология ғылымдарының кандидаты Оңайгүл Тұржан, атыраулық ақын Бақытгүл Бабаш кеш иесіне шалқар шабыт тілеп, ізгі тілектерін жолдады.

ЕАС 697

Осынау шараға қолдау білдірген облыстық әкімдік атынан сөз алған аймақ басшысының орынбасары Нұрсәуле Сайлауова да ақынға қолдау танытып, лебіз білдірді.

ЕАС 820

«Ғасырлар тоғысы», «Жалғыз музам – Махамбет…», «Апам менің…» деп ер Махамбет пен ақын Фариза рухтарымен сырласу, шерменде болған Алаш арыстарының айтар мұң-наласы, кеңестік солақай саясаттың салқыны сынды көріністер арқылы көрермен көңілінен шыққан кеш туралы толығырақ «Атырау» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

ЕАС 804

Гүлжан ӘМІРОВА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*