Діни сауаттылықты қалыптастыру бағытында студенттермен кездесу өтті (ФОТО)

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде әскери құқық қорғау органдары және облыстың «Шапағат» қоғамдық қорының теологімен «Қазақстанда діни ланкестік пен экстремизмнің өсуі мен таралу ерекшеліктері» тақырыбында кездесу өтті. Әскери кафедраның ұйымдастыруымен болған  шараға  1-2 курс студенттері  қамтылды.

DSC_0008

Мұндағы мақсат – болашақ офицерлерді даярлау кезеңінде әскери-патриоттық тәрбиені нығайту. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және қоғамдағы толерантты діни сана мен радикалды идеологияға қарсы иммунитетті жастар арасында қалыптастыру.

Атаулы кешке  облыстық «Шапағат» қоғамдық қорының теологі Серікжан Еншібайұлы, Батыс аймағы әскерінің аға прокуроры, әділет подполковнигі Ғалымжан Махамбетов, Атырау гарнизонының әскери полиция бөлімшесінің өкілі, әділет аға лейтенанты Бахтияр Дәуренқұлов, әскери кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы қатысты.

Жиын барысында  дін өкілі дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар, оларды ажырату жолдары туралы мағлұмат берді. Ол ислам дініндегі дәстүрлі емес ағымдар тарихына шолу жасай келе, елімізде бой көрсетіп жүрген экстремистік және лаңкестік әрекеттердің зардаптары мен кері әсерін түсіндіріп өтті.

DSC_0018

«Намаз оқымағандарды «кәпір» деп айыптау, халықтық салт-дәстүрлерді мойындамау сияқты керітартпа әрекеттер діни ахуалды ушықтыра түсуде. Өкінішке қарай, осындай дәстүрлі емес  ағымға ерушілерінің басым көпшілігі – жастар. Олар мәліметті  көбіне интернеттен алады. Дін туралы кез келген адамнан сұрай салуға болмайды. Діни экстремизм – әлемге төнген қауіп»,-деді С.Еншібайұлы.

Содан кейін, теріс жолға түскен адамдардың айрықша келбеті, қоғамдағы теріс ағымдардың қоғамға тигізер қаупі туралы әңгімелеп берді.

Сондай-ақ, полиция бөлімшесінің өкілі, әділет аға лейтенанты Бахтияр Дәуренқұлов өз саласы бойынша аталған бағытта баяндама жасап, қаралған мәселелерді өз уақытында қолға алуын, қадағалауын айтып өтті.

Кездесу соңында теолог пен әскери құқық қорғау органдарының өкілдері  қойылған сұрақтарға жауап берді.

Гүлдана Жамбозова

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*