Атыраулықтар Лондонда «Атамекен» әнін шырқады (ВИДЕО)

Бүгін республика көлемінде өткізілген «Рухани жаңғыру» акциясы аясында егемен еліміздің жастары бір мезгілде атақты «Атамекен» әнін асқақтата шырқады. Оған еліміз бойынша барлығы 5000-ға жуық жастар қатысқан.

Туған елге, атамекенге деген сүйіспеншіліктің көрінісіндей болған, оташылдық рухтың биіктігін паш еткен осынау елдік шараға атыраулықтар да белсенді атсалысты.

Тіпті, Ұлыбритания астанасы Лондонда жұмыс істеп және оқып жатқан бір топ атыраулық жастар да осы акциядан қалыс қалмай, еліміздің бейресми әнұранына айналған Ескендір Хасанғалиев ағамыздың «Атамекен» әнін шырқап, туған жерлеріне ыстық сәлемдерін жолдады.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*